Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу өтіп жатыр
Астана. 4 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанда биылғы жылдың 4 маусымынан 10 маусымына дейін мектеп бітіруші сыныптарда ұлттық бірыңғай тестілеу өтеді.
Тестілеу 29 қалада және 80 аудан орталығында құрылған 154 тестілеу орталығында таңғы сағат 9-да басталды. Барлық тестілеу қосындары 51 ЖОО-ның және жалпы білім беретін 1036 мектептің негізінде жұмыс істейді.
Биылғы жылы білім және ғылым министрлігі түлектер мен олардың ата-аналарының тілегін ескере отырып, ҰБТ үшін бірқатар жаңалық енгізіп отыр. Соның ішінде, емтиханды өткізу уақыты 3,5 сағатқа дейін ұзартылды, сондай-ақ, бір ағымдағы адамдардың саны 800 адамға дейін азайтылды. Тағы бір жаңалық ҰБТ өткен жылдардағыдай 5 күн емес, 7 күн бойы өтеді.
Бұған дейін білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев хабарлағандай, биыл 132 мың 461 түлек мектеп бітіреді, оның 108, 6 мыңы (82%) ҰБТ тапсыруға ниет білдіріп отыр.
Биылғы жылы «Алтын белгіге» үміткерлердің саны - 2939.
Жалпы білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алу үшін ҰБТ сертификатының балдарына ауыстырғанда, мектеп бітіруші орыс тілінен 21 балдан 25 балға дейін, Қазақстан тарихынан 21 балдан 25 балға дейін, математикадан 20 балдан 25 балға дейін, орыс мектептері үшін қазақ тілінен – 18 балдан 25 балға дейін жинау керек. Таңдалған пән бойынша: жағрафия - 21-25 балл, физика - 20-25 балл, ағылшын тілі - 21-25 баллов.

Емтиханды өткізу ережелеріне сәйкес, талапкер қорытынды жария етілген соң келесі күннің 13:00 сағатына дейін тест тапсырмасының мазмұны және техникалық себеп бойынша белгіленген қалыпта аппеляциялық арыз бере алады.
Ұйғыр тілінде білім беретін мектептердің түлектері қалауы бойынша ҰБТ-ны мемлекеттік немесе орыс тілінде тапсыра алады.
Білім және ғылым министрі сендіргендей, ҰБТ-ның сұрақтары жалпы білім беру бағдарламаларының шегінен шықпайды. «Ата-аналар мен түлектер бұған алаңдамай-ақ қойсын», - деп атап көрсетті Ж. Түймебаев.