Сейсенбі, 20 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2367 0 пікір 5 Маусым, 2009 сағат 11:56

Ұлттық банктің АВҚ және Ұлттық қордың ақшасы мамыр айында 2,58% артты – Ұлттық банк

Алматы. 5 маусым. ҚазТАГ – Ұлттық банктің алтын-валюта қоры және Ұлттық қордың қаржысы мамыр айында 2,58% өсіп, $43 млрд құрады. Ұлттық банктің сайтында жұма күні осындай ақпарат жарық көрді.

Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері мамыр айында 2,14% өсіп, $19,9 млрд-қа жетті. Қаңтар-мамырда резервтер 0,12% өсті. Ұлттық банктің еркін айырбасталатын валютадағы активтері $17,6 млрд, алтын түріндегі активтері $2,3 млрд құрады. Мамыр айында олар тиісінше 1,34% және 8,9% өсті.

ҚР Ұлттық қорының активтері 2009 жылдың мамыр айында 2,97%  өсіп, $23,1 млрд құрады.

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2754
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4493