Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2599 0 пікір 5 Маусым, 2009 сағат 12:00

Амстердам Қазақстанды Орталық Азиядағы стратегиялық әріптес ретінде қарастырып отыр

Астана. 5 маусым. ҚазТАГ – Амстердам Қазақстанды Орталық Азиядағы стратегиялық әріптес ретінде қарастырып отыр. Бұл туралы 4 маусымда ҚР сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің Нидерланды корольдігіне голландия жағының шақыруымен өткен ресми сапары барысында айтылды. ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес,   сапар барысында М. Тәжиннің премьер-министр Ян Балкенендемен және сыртқы істер министрі Максим Верхагенмен екі жақты кездесулері өтті.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Нидерланды атқарушы билігінің басшысымен келіссөз барысында екі елдің екі жақты және халықаралық  ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтиастығын дамытуға қатысты маңызды мәселелер талқыланды.

«Я.Балкененде Нидерланды жаһандық энергетикалық қауіпсіздік, халықаралық лаңкестікпен және есірткі тасымалымен күрес, жаппай қырып жоятын қаруды таратпау, климаттың өзгеруімен күрес, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешудегі Астананың маңызды рөлін ескере отырып, Қазақстанды Орталық Азиядағы стратегиялық әріптес ретінде қарастырып отырғанын атап көрсетті», - делінген хабарламада.

Өз кезегінде қазақстандық сыртқы саясат ведомствосының басшысы голландиялық компаниялардың Қазақстандағы белсенді инвестициялық саясатын атап өтіп, Я.Балкененденің назарын «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы және ЕО мен Орталық Азияның жаңа әріптестігі стратегиясы шеңберіндегі екі жақты ынтымақтастықтың басымдықтарын жүзеге асырудың маңыздылығына аударды. Бұл орайда министр Қазақстан үшін Нидерландының энергия үнемдеу, өнеркәсіптегі және ауыл шаруашылығындағы экологиялық таза өндірістер салаларындағы бай тәжірибесі аса қажет екенін атап көрсетті.

М.Тәжиннің нидерландылық әріптесі М.Верхагенмен келіссөздері барысында екі жақты және көп жақты форматтағы өзара ықпалдастықтың келешегі бар бағыттары бойынша, соның ішінде Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы бойынша пікір алмасылды. «Екі елдің сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Ұйымның күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді егжей-тегжей талқылап, ЕҚЫҰ-ның барлық өлшемдері бойынша сәйкес келетін мүдделерді бірлесіп алға жылжыту бойынша консультацияларды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді», деп хабарлайды баспасөз қызметін

Нидерланды премьер-министрі және осы ел СІМ-нің басшысы Қазақстанға сапармен келуге шақыру алды. «Қазақстандық дипломат Я.Балкенендені өзіне ыңғайлы кез-келген уақытта Қазақстанға келуге шақырды», - деп хабарлайды баспасөз қызметі, сондай-ақ, «белсенді сыртқы саяси байланыстардың жалғасы ретінде М.Тәжин голландиялық әріптесін Қазақстанға шақырды».

Сапар қорытындысы бойынша екі елдің сыртқы саясат ведомстволарының арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Онда тараптар екі жақты саяси, экономикалық, ғылыми, технологиялық және мәдени ынтымақтастықты дамыту және аймақтық, халықаралық мәселелер бойынша, соның ішінде халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара ықпалдастықты нығайту мақсатында саяси диалогтың  барлық деңгейінде кездесулер мен консультациялар өткізуге келісті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522