Жұма, 18 Қазан 2024
Әне, көрдің бе? 4559 3 пікір 15 Қыркүйек, 2017 сағат 10:38

Майлыбаев майшелпегі. 171 миллион тұратын ғимарат

Президент әкімшілігі жетекшісінің бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаевтың құны 171 миллион теңге тұратын кеңсе-ғимараты тәркіленді, деп жазады Today.kz.

Мемлекеттің құпиясын жариялады деп сотталған Бағлан Майлыбаевтан тәркіленіп алынған ғимараттың жалпы аумағы 1,5 мың шаршы метрді құрайды екен.

Астана қаласы, Айманов көшесінде орналасқан бұл ғимарат Президент әкімшілігініңң бұрынғы қызметкері Бағлан Майлыбаевтың меншігіне тиесілі болған. Сот үкімі шыққан соң, бұл ғимарат тәркіленіп, мемлекеттің меншігіне берілген. Ғимараттың құны 171 миллион теңгеге бағаланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Бағлан Майлыбаевқа "қызметін асыра пайдаланды, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинады және таратты" деген айып тағылып, 5 жылға бас бостандығынан айырған.

Майлыбаевтың үкімі 2017 жылдың 13-маусымында оқылды.

Abai.kz

 

3 пікір