Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2299 0 пікір 5 Маусым, 2009 сағат 12:01

ОҚО-да шекарада құны 2 млн теңгеден асатын контрабалық көкөніс артылған КамАЗ ұсталды

Шымкент. 5 маусым. ҚазТАГ -  ОҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің (КБД) қызметкерлері мемлекеттік шекара сызығынан бірнеше метр жерде, ҚР аумағында 15 тонна пияз артылған КамАЗ көлігін тоқтатты. Бұл туралы КБД баспасөз қызметі хабарлады.

Кабинада 2 адам отырған, олар жүкті Қазақстан ауманыға контрабандалық жолмен әкеле жатқан. «Жауап алу кезінде К. есімді азамат тауардың иесі екенін айтқан. Ол Өзбекстан аумағында жүк тасушыларды жалдап, олар пияз салынған қаптарды шекара арқылы тасып, оны ҚР аумағында КамАЗ көлігіне артқан. Алайда кедендік бақылаудан бой тасалап кету әрекеті сәтсіздікпен аяқталды, көлікті кеденшілер тобы тоқтатқан»,- деп мәлім етті кеден баспасөз қызметінің өкілі Марат Боранбай.

Осылайша, ұсталған азамат экономикалық контрабанда жасаған. «Сот-тауартану сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген тауардың нарықтық бағасы 1 миллион 306 мың теңге», - деп атап көрсетеді баспасөз қызметі.

Кеденшілер шекараға жақын маңда контрабандалық тауардың тағы бір партиясын тапты. Олар Сарыағаш ауданының аумағында теміржолдың бойында 7 тоннадан астам ауыл шаруашылық өнімдерін ешбір құжатсыз енгізуге әрекет жасаған азаматты ұстаған. «Сот-тауартану сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген қызанақ, қияр, шалғам, аскөктің нарықтық құны 1 миллион 350 мың теңге», - деп мәлім етті М. Боранбай.

Экономикалық контрабанда деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522