Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3703 0 пікір 20 Қыркүйек, 2017 сағат 19:26

Н.Нығматулин: халықаралық келісімдер жаһандық логистикалық үлгісін қалыптастыруға бағытталған

 

Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің жалпы отырысы өтті. Мәжіліс Төрағасы еліміздің транзиттік-көлік әлеуетін пайдалануға бағытталған ратификацияланатын заң жобаларының маңыздылығын атап өтті деп хабарлайды Абай-ақпарат Мәжілістің Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып .

Халық қалаулылары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы үкіметаралық келісімді, сондай-ақ, Қазақстан мен Норвегия арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы үкіметаралық келісімдегі заңнамалық түзетулерді ратификациялауға арналған заң жобаларын мақұлдады.

Н. Нығматулин атап өткендей, Өзбекстан және Норвегиямен жасалған келісімдер еліміздің көліктік инфрақұрылымын пайдалана отырып, жаһандық логистикалық жүйені қалыптастыруға бағытталған.

- Бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін жүзеге асыру және Қазақстанның ең қуатты еуразиялық көліктік-логистикалық хабқа айналуы туралы жүктеген міндеттерін орындау үшін  өте маңызды, - деді Мәжіліс Төрағасы.

Келісімдерді ратификациялау жолаушыларды, сондай-ақ автомобиль көлігін, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін нормативтік-құқықтық базаны құруға мүмкіндік береді.

Абай-ақпарат  

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401