Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2329 0 пікір 5 Маусым, 2009 сағат 12:19

Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ. Несиенің 94 пайызы үш облысқа ғана тиген...

Сенатор Қуаныш Айтаханов көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге берілген несие қаржының «пышақ үстінен» бөлінбейтініне өкпелі... Өйткені депутатты аталған қаржыны еліміздің өңірлеріне үлестіру барысында «ала қойды бөле қырыққандай» ету көрінісінің бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқаны қапаландырады екен.
Сондықтан да Сенаттың кешегі жалпы отырысында Қуаныш Айтаханұлы Премьер-министр Кәрім Мәсімовке ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне көктемгі дала жұмыстарына несие бөлу кезінде қайталанатын олқылық жайлы тағы бір мәрте құлаққағыс жасауға бел буыпты. Тағы бір мәрте деп отырғанымыз, сенатор бұған дейін бір топ әріптесімен бірге, яғни 2009 жылдың 29 ақпаны күні дәл осы мазмұнды депутаттық сауалын үкілеп, Бас уәзірге жөнелткен болатын. «Сіз оған жауап та берген болатынсыз. Соған қарамастан, шаруаларға несие беру мәселесі әлі күнге дейін толық шешімін тапқан жоқ» деді Қ.Айтаханов Үкіметбасының айтқан сөзі айтылған жерінде қалғанын меңзеп.

Сенатордың айтуына сенсек, «ҚазАгро» Ұлттық холдингі акционерлік қоғамының 2008 жылғы 29 мамырдағы мәліметі бойынша, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінген несие қаржы 55,2 миллиард теңгені құраған. Бірақ соның 21 миллиард теңгесі немесе 35 пайызы Ақмола облысына, 13,5 миллиард теңге немесе 24 пайызы Қостанай облысына және 17 миллиард теңге немесе 31 пайызы Солтүстік Қазақстан облысына жол тартқан. Демек, тек қана жоғарыдағы астық өндіретін үш облысқа барлық бөлінген қаржының 51,6 миллиард теңгесі немесе 94 пайызы тиіп отыр.
«Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «ҚазАгро» Ұлттық холдингі акционерлік қоғамының тарапынан ауылшаруашылық тауарын өндірушілерге көктемгі егін егуге бөлінетін несие беру тетіктері толық шешілмегендіктен, несие қаржының басым көпшілігін Солтүстік облыстардың ірі астық өндіруші компаниялары алып, басқа өңірлердің шаруаларының қолдары жетпей қалды» дейді ол сөз еткен мысалға сүйеніп. Бұл ретте Қ.Айтаханов төрт миллионнан астам халқы бар оңтүстік облыстарының сыбағасынан қағылып отырғанына тоқталды. «Мысалы, – деді сенатор қабағын шытып, – Оңтүстік Қазақстан облысында көктемгі дала жұмыстарына арналуға тиісті 7 миллиард теңге несиенің небәрі 98 миллион теңгесі немесе 1,4 пайызы ғана шаруалардың қолына жетті. Бұл республика бойынша көктемгі дала жұмыстарына берілген несиенің 01 пайызы ғана. Ал Жамбыл облысына бар болғаны 26 миллион теңге ғана немесе 0,04 пайызы ғана тиген. Қызылорда облысына 7 миллион теңге немесе 0,01 пайызы ғана бөлінген». Депутаттың ойынша, олардың несиеден шетқақпай көретіндей реті жоқ. Себебі сөз болып отырған аймақтардың басым көпшілігі ауыл шаруашылығымен айналысады. Мәселен, елімізге өте қажетті қант қызылшасы, мақта, күріш, сондай-ақ жеміс-жидек пен өзге де ауылшаруашылық дақылдарын өсіреді. «Несие бөлуде, оны ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеткізуде осы кемшіліктер жыл сайын қайталануда. Сондықтан шаруалар көктемгі дала жұмыстарын дер кезінде әрі сапалы жүргізуге қаржысы болмай қатты қиналды. Осындай жағдай республиканың басқа өңірлерінде де көрініс беруде. Қазіргідей қиын кезде мұндай дүние халықтың тұрмысының нашарлауына әкеліп соғады, – деді ол өзінің депутаттық сауалында. – Сондықтан сізден, Ауыл шаруашылығы министрлігіне, «ҚазАгро» Ұлттық холдингі акционерлік қоғамына ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне несие беру жолдарын терең зерттеп, оның қолайлы тетіктерін ендіру арқылы қол жетімді несиені республиканың өңірлеріне бірдей деңгейде берілу жолдарын қарастыруды тапсыруыңызды және осы мәселенің түбегейлі шешілуін тікелей өзіңіздің қамқорлығыңызға алуыңызды өтінемін». Депутаттық сауалын шарықтау шегіне жеткізген сенатор өзінің Премьер-министрге жолдаған «сәлемдемесіне» қол қойғысы келетін әріптестері болса, қарсы болмайтынын жеткізді.

«Айқын» газеті, 05.06.2009

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1485
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5515