Жұма, 22 Қараша 2024
Рухани жаңғыру 8639 75 пікір 1 Қазан, 2017 сағат 14:17

Лондонда 75 жасы аталып өтетін қазақ қаламгері лордтар палатасында сөз сөйлейді

 

Қуанышты хабар: ағамыздың үш кітабы бұрындары Лондонда ағылшын тілінде жарық көрген болса, енді оның 75 жасқа келуіне орай Лондонда "Дулат Исабеков фестивалі" өтпек екен. Фестиваль аясында қазан айының 1-күні «Жау жүрек» атты спектакльді Әуезов атындағы академиялық театр қояды. Қазан айының 2-күні қазақ жазушысы лордтар палатасында сөз сөйлемек. Осы арада атап өтерлігі, Исабеков қазақ жазушылары ішінде бірінші мәрте сол мінбеде сөз сөйлейтін жазушы болмақ. Ал түркі дүниесінде болса, үшінші жазушы. Өйткені Дулат Исабековтан бұрын  Шынғыс Айтматов, Орхан Памұқ сол мінбеге шығып сөз алған екен. Бұл біздің ойымызша, қазақ әдебиетінің әлемге танылуы барысында үлкен мәртебе, үлкен қуаныш. Жазушының ендігі арманы – кітаптарының Түркияда, Ыстамбұлда, түрік тіліне аударылып, жарық көруі. Құдай қаласа ол да болады деген үміттеміз.

Естеріңізге сала кетейік, жазушының бұған дейін үш кітабы ағылшын тілінде Лондонда жарық көрге. Олар: «Гауһартас» атты әңгімелер мен повестер жинағы. Жинақты Робин Томсон деген жазушы ағылшын тіліне аударған. Ол кітапқа «Гауһартас», «Сүйекші», «Өкпек жолаушы», «Ескерткіш операциясы», «Қабылан» атты әңгімелер енген. Екінші кітап «Біз соғысты көрген жоқпыз» (We never knew the war), үшінші аударылған кітап «Пьесалар жинағы». Сонымен қатар «Өкпек жолаушы» (Transit Passenger) атты пьесасы Лондонда 2014 жылы сахнаға шыққан екен. Ал қазан айының 4 күні болса жазушының «Аққу жібек» деген пьесасы қойылады.

Жазушы Дулат Исабеков мұның барлығының тәуелсіздіктің арқасы екенін айтуда. «Егер Кеңес Одағы кезінде осылай Лондонда кітабым шыққанда түрлі бәле жалалармен қудаланып кететінін едім», - дейді ол. Лондондағы осы іс-шаралар Дулат Исабековтің 75 жасына дөп келуде.

Сонымен жазушының 75 жылдығын атау Қазақстаннан бұрын Ұлы Британия елінде басталып кеткен екен. Дулат аға, 75 жасыңыз құтты болсын! Әрқашан сізді әдебиет пен мәдениеттің биігінен көретін болайық!

Әбдіуақап Қара

Тарих ғылымының докторы, Мимар Синан

көркем өнер университетінің профессоры

Abai.kz

75 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320