Гүлзина Бектасова. КӨПЕС ЗУБОВТЫҢ ҮЙI” АЛЫНЫП ТАСТАЛАТЫН БОЛДЫ
Естерiңiзде болса, газетiмiздiң наурыз айындағы санында “Бүйректен сирақ” атты мақала жарияланған едi. Аталмыш мақалада Алматы қалалық мәдениет басқармасының 24-ақпандағы хаты жарияланған едi. Ол хатта: “Тарихи ғимараттағы “Көпес Зубовтың үйi. ХХ ғасыр басы ҚР-ның Мемлекет қорғауында” деген тақтайша Алматы қаласының сәулет-құрылыс саласында ерекше орын алатын тарихи сәулет ескерткiшi ретiнде заңды түрде арнайы шешiм негiзiнде iлiнген” делiнген болатын.

1992 жылдан бастап, қазақтың ұлттық ғылымына ерекше үлес қосқан түркiтанушы, лингвист-ғалым Ахмет Байтұрсынов мұражайына айналған үйдiң маңдайшасына аяқасты “Көпес Зубовтың үйi” деген тақтайшаның iлiнгенiне наразылығымызды да бiлдiрген едiк ол мақалада. Сол кездерi Алматы қалалық мәдениет басқармасы бұл мәселенiң аяқсыз қалмайтындығын, әрi оның анық-қанығын зерттеу үшiн тарихшыларды да жинап пiкiрлесетiндiгiн жеткiзген едi. Мiне, көп ұзамай-ақ, бұл мәселе оңтайлы шешiмiн тапқан сияқты.
Тағы да бiздiң қолымызға қалалық мәдениет басқармасының хаты тидi. Онда: “Ескерткiштiң тарихи атауы ғимаратты ескерткiштер қатарына қосу туралы қаулыға сәйкес өзгертiлiп, “көпес Зубовтың үйi” деген сөздер алынып тасталатынын қосымша хабарлаймыз” деген екен.
Қазақтың мың жылда бiр рет туатын тұлғаларының бiрi — Ахмет Байтұрсынов. Қазақ халқының мақтан тұтар тұлғасы тұрған үйдiң ендi сол қалпында сақталатындығын естiгенде, көңiлiмiз тағы бiр марқайып қалды. Онсыз да алаш арыстарын түбегейлi зерттеп бiткенiмiз жоқ. Ал, соның көшiн бастаған Ахмет Байтұрсынов сияқты тұлғаларымызды жетiмсiретуге тiптен болмайды. Осы орайда, Ахаң мұражайының маңдайшасына тағы бiр тақтайшаны iлсек, халық алдында да, келешек ұрпақ алдында да қиянат болар едi.
«Түркістан» газеті, 04.06.2009