Сенбі, 23 Қараша 2024
3990 0 пікір 4 Қазан, 2017 сағат 12:48

АҚШ Сан-Францискодағы Ресей консулдығын "бұзып кірді" деген ақпаратты теріске шығарды

Құрама Штаттар Сан-Францискодағы Ресей дипломатиялық меншігіне "заңсыз кірді" деген ақпаратты теріске шығарды. АҚШ мемлекеттік департаменті күзет тек ғана дипломаттар мен олардың отбасы белгіленген уақытта резиденцияны босатты ма, жоқ па тексерді дейді.

Мемлекеттік департамент өкілі Хизер Нойерт ғимаратты қарау құлыптарды бұзбай, арнайы қызметтің қатысуынсыз өткенін айтады. АҚШ билігі ресейлік дипломаттарға ғимаратты босату үшін, 1 қазанға дейін уақыт берген.

Таяуда Ресей СІМ америкалық билік Сан-Францисконың консулдығына "басып кірді" деп мәлімдеме жасап, наразылығын білдірген. Ресейлік тарап ғимараттың есігін бұзып кірді деген болатын.

Биыл шілде айында Кремль Конгрестің Мәскеуге қарсы санкцияларын ұзартуға жауап ретінде, АҚШ-тан елшілік және консулдықтағы қызметкерлерді қысқартуды талап еткен болатын. Вашингтон болса, Сан-Францискодағы бас консулдықты және Вашингтон мен Нью-Йорктегі өкілдікті жабатынын мәлімдеген. АҚШ-тың Ресейдегі бұрынғы елшісі Джон Теффт Азаттық радиосына берген сұхбатында "ресейлік дипломаттарға қысым көрсетіп жатыр" деген ақпараттың жалған екенін айтқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371