Сенбі, 23 Қараша 2024
3758 0 пікір 5 Қазан, 2017 сағат 09:10

Түрмеде отырған тәжік адвокаты Еров карцерге ауыстырылды

Ұзақ жылға сотталған тәжік адвокаты Бузургмехр Ёров "режимді бұзды" деген себеппен тергеу изоляторының карцеріне ауыстырылған. Жазасын өтеуші онда 15 тәулік бойында отыратын болады деп хабарлады Душанбе қаласы N 1 түрме басшысы Садриддин Шарифзода.

"Тергеу абақтысында отырған уақыттан бері ол тәртіпті бірнеше рет бұзды. Соңғы рет тағы да ескерту алғаннан кейін, ол карцерге қамалды" дейді түрме басшысы. Бірақ қандай тәртіпті бұзғанын нақты айтпады.

Алайда Бузургмехр Ёровтың туыстары адвокатты БАҚ-қа өзін түрме қызметкерлерінің соққыға жыққанын жариялаған соң жазалап отыр дейді. Бузургмехрдің анасы ұлын түрмеде үнемі ұратынын хабарлаған.

Бірер күн бұрын Human Rights Vision Foundation халықаралық ұйымы Бузургмехр Ёровтың денсаулығына алаңдаушылығын білдіріп, биліктен оны босатуды талап етті.

Бузургмехр Ёров 2015 жылдың 28 қыркүйегінде ұсталып, оған "алаяқтық жасады", "жалған құжаттар әзірлеумен айналысты" деген айыптар тақты. Душанбе соты былтыр 6 қазанда Ёровты айыпты деп тауып, 23 жыллға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Биыл наурыз айында адвокаттың жазасына тағы да 2 жыл қосылды. Бірнеше уақыт өткеннен кейін Ёровты ел президентіне тіл тигізді деген айыппен жазасына тағы үш жыл қосты. Бәрін қосқанда адвокатқа 28 жыл түрме жазасы кесілген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371