Садақтың «авторы» кім?
Садақ - ежелгі замандардағы аңды алыстан жайрататын ең үздік қару. Ел арасында Жай, Жақ деп те атала береді. Адырна, Жебе, Жебенің ұшы және Қорамсақ деген негізгі бөліктерден тұрады.
«Садақ — жебе атуға арналған қол қаруы. Садақты тас дәуірінен 20 ғасырға дейін дүние жүзінің барлық халықтары пайдаланған. Ерте кезде аң аулауда, кейін соғыс ісінде қолданылған. Қарапайым садақты тобылғы, үйеңкі, т.б. ағаш шыбықтарынан доғаша иіп, екі ұшын қайыспен керіп жасайды. Күрделі садақтың сыртқы бетіне сіңір тартылып, ішкі жағы мүйізбен қапталады, кейде ортасы мен екі шетіне сүйек бастырма қағылады (қ. Құрама садақ). Күрделі садақты ежелгі Шығыста, оның ішінде сақтар, кейінірек ғүндар мен Орталық Азия халықтары көп қолданған. Қазақ садағы көшпелілер садағының жетілдірілген жалғасы болып саналады. Ауыз әдебиетінде садақтардың қолданылған материалдарына қарай “қайың садақ”, “қарағай садақ”, “үйеңкі садақ” деген атаулары кездеседі. Қайыңның қабығымен қапталған, сарғайған түсіне байланысты “сарыжа”, “сарсадақ” деген атаулары да бар.
Садақ тарту тәсілі (көне.) ерте кезде аң аулауда, кейін соғыс ісінде қолданылған. Садақ тарту тәсілі қазақ халқының жамбы ату, алтын хабар, теңге алу секілді ұлттық ойындарында кең тараған. Бұл ойындар жаугершілік кезеңіндегі әскери тәрбие секілді машықтану мектебі болған. Бүгінгі таңда әлем елдерінде көп тараған спорттың ежелгі түрлерінің бірі» (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет).
Уәж: Біріншіден, алтын хабар, теңге алу емес, дұрысы алтын қабақ, теңге ату болады. Екіншіден, «Қазақ садағы көшпелілер садағының жетілдірілген жалғасы болып саналады» делінген. Түп-тамырымен қате тұжырым. Дәлел ме? Тыңдап көріңіз?
Тарихқа үңілсек, садақ жасамай ел болған бір де - бір ежелгі ру-тайпаны таба алмаймыз. Аңды алыстан атып құлататын жалғыз құрал — садақ! Садақ сан мыңдаған жылдар бойы аштан өлмеудің және жаудан қорғанудың кепілі болды. Кейіннен отты қару шыққан соң оның орнын мылтық басты. Мылтық дами келе автоматты қаруға айналды. Одан зеңбірекке, зениттік құрылғыларға ұласты. Бірақ сонда да түпкі принцип сақталып қалған. Яғни оқ адырнадан ұшса да, стволдан ұшса да алыстағы аңды атып құлатып, адамға азық тауып береді. Қазір де қарусыз ел жоқ. Ішкі, сыртқы әскерлеріміз түгел қару асынып жүр. Мылтықтыз полициямыз да тәртіп сақтай алмайды. Сонымен садақ заманға сай мылтық болып өзгерді. Демек, ежелде осы қызметтің бәрін «Садақ» атқарды. Садақ асынып жүру билік белгісі болды.
Қазақтың қарашаңырағы Адай руының әлемге әйгілі бірнеше таңбасы (бүгінгіше айтқанда герб) бар. Біріншісі «Тіл», екіншісі «Садақ тартып тұрған салт атты адам», үшіншісі «Садақ», «Жебе», «Жебенің ұшы» т.т. Бұлардың бәрі Қазақтың рулық таңбасы екендігін Манқыстау түгілі, бүкіл қазақта, тіпті бүкіл әлем де күні кешеге дейін білмейтін жан болмаған. Себебі, ең алғаш тілі шығып сөйлегендер, садақ пен жебенің «авторы» бүгінгі Қазақтың Ата-Бабалары. Оны бұл атаудың Сақ және Ада (Ата) деген есімдерінен де көруге болады. Манқыстаудың ежелгі бас таңбасының «садақ тартып тұрған салт атты адамның» бейнесі болатыны осыдан. Демек, ең алғашқы даланың жабайы құланын қолға үйретіп, ат қылып мінген де солар. Себебі, бұл жерде де қай ұғымды кім дүниеге әкелсе, сол рудың, елдің (авторлық) аты берілетін қағидаға сәйкес Ат (Ад) деп қойылған.
Қарашаңырақ демекші, Кіші Жүз рулары аты айтып тұрғандай, Қазақтың үш ұлының ең кішісі, яғни Қазақ атамыздың қарашаңырағының иесі. Екі ағасының (Ұлы жүз бен Орта Жүздің) кенже інісі. Олар Бекарыс деп аталды. Ал, Кіші Жүз-Бекарыстың, сонымен қатар бүкіл қазақтың қарашаңырағы Он екі ата Байұлы, Он екі ата Байұлының қарашаңырағы Адай, Адайдың қарашаңырағы Мұңал болып табылады (әлемге әйгілі Шыңғыс қағанның руы осы). Атасының бар білгенін және оның ұрпақтарына арнаған аманатын тек қана кенже ұл алып қалады емес пе?! Атам Қазақтың Ата салтының, дәстүрінің, әдет-ғұрыптарының, тілі мен дінінің, бүкіл шежіре дерегінің Маңғыстаулық Адайларда толықтай сақталуының сыры осы.
Ал, Қазақ халқының өзі кезінде ұранға шығарған «Алашпен» қуалайтын болсақ, Біз Алшындардың Алаштың тақ мұрагері екенін көреміз. Себебі, жоғарыда айтқанымдай, Қазақтың қарашаңырағы Кіші Жүз – Бекарыстың Алшын және Кеншін деген екі ұлы бар. Алшыннан алты Ата Әлім, Жетіру, кенжесі Он екі Ата Байұлы болады.
Ад және Ай. Екінші буындағы Ай – әйел (айал), ана деген мағына береді. Әй (Ай) және ел. (Әй, ел болайық). Қазақтың «бәйбішесінің» сөз түбірі «Әй (Ай)» болатыны тек қана осыны білдіреді. Аспанда Ай жердің серігі болса, жерде әйел ердің серігі. Жерде әйел ерін айналса, аспанда ай жерді айналады. Қазақтың «айналайын» дейтіндерінің де сыры осы. Әйелдің сөз түбірі «Әй (Ай)», жердің сөз түбірі «Ер» болатыны да осыдан. Сөз түсінетін қазақ азаматтарына бұл дауға жатпауға тиіс.
Осы жерде ерекше атап өтетін жағдай, жалпы біз Адам деген атты ең алғашқы тіліміз шығып сөйлеген кезден бастап алғанымыз ешқандай дау туғызбаса керек. Демек, ең бірінші болып Адам ата мен Ауа ананың тілі шықты. Осы таңбаның өзінен-ақ, қазақтың қарашаңырағын ұстап бүгінгі күнге жеткізген «Тіл таңбалы Адайлардың» Адам Атаның да қарашаңырағының иелері екендігі айқын көрінеді. Маңғыстаудың ежелгі қорымдарында бір кесенеге ері мен әйелі бірге жерленсе құлпытасқа «Жебе» мен «Ай» таңбасы қатар салынған жағдайлары жиі кездеседі.
Адайдың ежелден келе жатқан «Тіл таңбасымен» бірге «Жебенің» қатар жүруін әйгілі тарихшы-ғалым Ілияс Есенберлин (Он сериялы «Қазақ хандығы» фильмі осы ағамыздың «Алмас Қылыш» романы негізінде түсірілген) былайша суреттейді: «Өзінің жеке қарулы күшін басқару орданы қарауылдау үш «садақшыға» тапсырылды. Бауыршының кіші інісі Оғыла-шербе және Шыңғыстың інісі Хасар басқарған үш қылыш ұстаушылар билік белгісі ретінде садақ пен жебені (кейіннен қоршы-атқыштар қызметіндегілер) асынып жүруге міндетті болды. Ханның жеке тапсырмасын орындайтын төрт нөкері барлаушы-қуғыншы болып тағайындалды» (Шыңысхан әлем сілкіндірушісі. 32 бет). Демек, Шыңғысхан қағанатында Қазақтың «садақ» және «жебе» таңбалары билік белгісі ретінде қолданылған.
Көне Маңғыстаудағы Үнғазы тауына үңгіп салынған Шақпақ Ата жерасты мешітінің кіреберіс қапталдағы бірнеше адам жерленген үлкен қуыстың қабырғасына «Салт атты адамның» бейнесі салынған. Оның қолында жебесін кере тартып тұрған садақ бар. Ал, «Жебе тартқан салт атты адам» Маңғыстаудың ежелгі, тіпті күні бүгінгі де негізгі бас таңбасы болып табылады. Бұл Адам деген атқа ие болған ежелгі Аталарымыздың қарашаңырағы, даланың жабайы құланын Ат қылып мінгендермен бірге Садақтың да, Жебенің де (оқтың да) авторы қазақтар деген сөз. Бұл таңба (герб) Маңғыстаудың ежелгі қорымдарының басым көпшілігінде көптеп кездеседі.
Қазақтың Ата салты бойынша, таңбаны еншілер кезде сол рудың, немесе тайпаның «авторлық құқығы» басшылыққа алынған. Қаз Адайлардың таңбаларынан, олардың сол көне замандағы Адам Ата мен Ауа Ананың қарашаңырағын ұстап қалған ұрпақтары екендігін көреміз. «Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар» деп, ата-бабаларымыз айтқандай, бүкіл қазақтың ұлы билері мен қағандары Адайларға адамзаттың ең ұлы теңдессіз қаруы, адамның тілін және сол замандардағы аңды алыстан атып, дұшпанын алыс ара қашықтықтан жойып жіберетін ең ұлы қару садақты және оның жебесі (оны қазіргі замандағы ядролық қарудың оқ тұмсығымен салыстыруға болар) мен масағын (ұшын) таңба етіп еншілегенде, Қазақтардың адамзатты азғындыққа үндеп, бұзғаны және қорқақтығы үшін еншілемегені анық. Демек, осы таңбаларға қарап-ақ, санасында саңлауы бар азаматқа, Қазақтардың Адам атаның қарашаңырағының иесі екендігі және олардың осыған лайық болғандығы ешқандай дау туғызбаса керек. Себебі, бұл таңбаны, яғни «Жебенің ұшын», яғни мына солтүстігіміздегі көршілеріміздің тілімен айтқанда «стрелканы» бүткіл әлемде қолданбайтын бірде-бір ел жоқ. Жебенің ұшы (стрелка) адамзатты адам-адам болғалы бері барар жеріне адастырмай, мәңгі жол сілтеуші болып келе жатыр.
Адайдың осындай алып «Жебе таңбалары» Үстіртте Сайөтес пен Бейнеу кенттерінің ортасында орналасқан. Бұл таңбалардың ең ұзыны 100 км-ге дейін жетеді, деп жазады: «Загадочные стрелы плато Устюрт» | Интернет журнал РЕПИН.инфо
Үстірт жебелері Қазақ даласының төріне қарай созылған. Жебелердің ұшының бәрі бір бағытқа, яғни солтүстікке қаратып салынған.
Жергілікті халық мұны аң аулау үшін салынған аран деп атайды. Арандардың сол үшін пайдаланылғаны да шындық. Ғалымдар мұны су сақтау үшін қазылған ор деп те болжам жасайды.
Бірақ, Біз мына жағдайға назар аударуымыз керек. Арандарды да, су сақтайтын орларды да дәл "жебенің" бейнесінде емес, басқаша да салуға болады емес пе? Және олардың әрқайсысын әр жаққа қаратып та сала бермей ме? Демек, бұл алып құрылыстың негізгі мақсаты Адайдың Жебе таңбасын бейнелеу арқылы Адайлардың Адам Атаның қарашаңырағы екендігін меңзегені деп түсінуіміз керек. Аталарымыздың бізге айтайын дегені де осы болса керек.
Оның үстіне Маңғыстау мен Үстірттегі мыңдаған қорымдар мен миллиондаған зираттардың барлығында дерлік осы "жебе" таңбаның тұруы да осы айтқанымның айдай айғағы болмақ.
Тура осындай алып «Жебе таңба» Мексиканың Наска шөлінен табылып, ғалымдар оны «Үстірт жебесі» деп атаған.
Қаз Адайлардың соңғы ғасырлардағы әлемге әйгілі ең танымал таңбалары тіл, садақ, жебе және жебенің ұшы. Солармен қатар, Маңғыстаудың ежелгі қорымдарындағы ең көп кездесетін таңбалар қатарына «+» крес, «П» босаға және қазақтың қайқы қылышының бейнесі жатады. Бұларда Қазақтардың ежелгі таңбалары болып табылады.
«Адайлардың оннан аса таңбасы бар. Солардың ішінде бейіт басындағы құлпытастарда ең көп кездесетіндері мына үш таңба: . Бұлар тек қана Адай таңба емес, Оғыз таңба деп те аталады. Алдыңғы екеуінің ұш жағы әр жаққа қаратылып қойыла береді» (Т.С.Досанов «Руника құпиясы» Алматы-2009. 72 бет).
Оғыз демекші, Оғыздың сөз құрамы Оқ және Қыз деген екі біріккен сөздерден тұрады. Бейнелеп айтқанда жеті буын ұрпақ жеті Атасымен, жебе қорамсақта Садақпен, яғни Сақ атасымен бірге жүреді. Жебе Адырнадан атылып, садақтан ажыраған кезде оққа айналады. Сондықтан қазақтың сөздік қорында ешқашанда жебе тиді деп айтылмайды, оқ тиді делінеді. Демек, оқ енші алып бөлініп кеткен ұрпақтың балама атауы. Бұл қазақтың рулық шежіресіндегі Бұзаудың екі баласының кішісі, яғни Айтумыстың інісі Жеменейден (Иеменнен) бөлінетін Семиттерден (Араб пен Ебрейден) басталады.
«Қожа Ахмет шәкіртерін оқытуды аяқтап болған соң шаңырақтан оқ атады. Садақ оғының түскен жері Манқыстау болады.
Дәніспан әулие де солай жебе ізімен Манқыстауға келеді.
Аңыз кейде садақ жебесінің орнына аса таяқты қолданады. Бекет ата да осындай таяқтың жолымен Манқыстауға келеді» (С.Қондыбай «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» Алматы. 2000 12-13 беттер).
«Шопан-Ата, Шақпақ-Ата, Даныспан-Ата ұстаздары шаңырақтан атып жіберген садақтың жебесін іздей жүріп Маңғыстауға келген, жебені тапқан жерінен мешіт-медреселерін салған» (Базарбай Абдрахманов «Бекет-Атаның сұпылық жолы» Алматы-2010. 27 бет).
«Табыттың (Шыңғысханнның) екі қапталына Садақ пен жебе, пышақ, от тұтатқыш және алтыннан жасалған кесе қойылды» (В.Г.Ян «Чингиз-хан» Нукус-1975. 335 бет).
«267. ...Бұрхан Шыңғыс қағанға дидарласуға келеді. Сол жерде Бұрхан кезігіп, алтын оқ (жебе) бастатқан тоғыз-тоғыз алтын, күміс аяқ, тоғыз-тоғыз ұл-қыз, тоғыз-тоғыз ат-түйе, тоғыз-тоғыз басқа дүние тарту еткен кезде, Бұрханмен үйінің сыртында тілдеседі». («Моңғолдың құпия шежіресі», 188 бет).
«Әбді әл-Мүтәліп бір-бірінен айнымайтын балгерлік ашатын алты жебе жонып, екеуін сары түске бояған (оны суырған адам киіктің алтын мүсіндерін иеленеді), екеуін қара түске бояған (ол наркескен мен сауытты иемденеді), ал аққа боялған жебені суырғандар – олжадан құр қалатын болған. Садақтарды бір кезде Сириядан әкеліп, орданың қақ ортасына орнатқан, ең ірі, ең құдіретті дескен Қабыл тасқұдайының қолына орнатады. Ақ тастан қашалған Қабыл қолына балгерлік жебе ұстап отырған күйінде мүсінделген (қайсыбір араб тарихшылары оны Ибраһим пайғамбар деседі – А.Қ.). Жебемен бал ашу ол замандағы ең мәртебелі қасиеттің бірі саналған» (Аманбай Құнтөлеуұлы «Мұхаммед Пайғамбар» Алматы 2003 63 бет).
Түсініктеме: Әбді әл-Мүтәліп – Мұхаммед пайғамбардың атасы.
Сирия (Сыр елі) – Арап жерінде орналасқан мемлекет, астанасы Дамаск. Қазақтың шежіре-дастандарындағы аты аңызға айналған Дамашық қаласы осы.
«Біздің халық ежелде Сүт жолы жұлдыздарын Оғыз ханның садағы деп атаған.
...Күн қағанатының ұлы билеушілерінің бірі Мете хан болды. Мете ханның халыққа жасаған жақсылығы мен мінезінің ұқсастығына байланысты, халық арасында «Мете хан – ол қайсы Өгіз хан» деген мәтел дүниеге келді.
Мете ханның әкесі Думан Бәйгі. Біздің жыл санауымызға дейінгі 380 жылы ол өз мемлекетінің шекарасын Шын-Машын еліне дейін кеңітіп, ол елде Теоман деген есіммен белгілі болды. Кейінірек оның ұлы Мете хан, ұлы Күн қағанатының билеушісі болып, ол 26 мемлекеттің басын біріктіріп, оларды 84 ұлысқа бөлді. Мете ханның кезінде ысқырып ұшатын жебелер мен садақ жасайтын шеберханалар ашылған» («Рухнама» С.Туркменбаши. 214-215 беттер).
Қазақтың рулық шежіресінде осы Мете атамыздың есімі сақталған. Қазақ – Алшын – Байұлы - Адай – Келінберді - Мұңал – Жаулы – Жары – Мете болып таратылады.
Ал, Шыңғысхан атамыздың да руы Қазақ – Алшын – Байұлы - Адай – Келімберді – Мұңал – Жары – Қиян (Қият) болып табылады. Ұраны Алаш, таңбасы «тіл таңба». Тіл таңбаны Шыңғыс қағанның рулық куәлігі десек те болады. Шыңғыс қаған есімінің Алшынның екінші буынынан басталатыны да осыдан.
«Садақ пен жебенің және оның ұшының» Қазақтың қарашаңырағы Қаз Адайға рулық таңба болып еншіленуінің басты себебі, бұл қаруды ең бірінші ойлап тапқандар, қазіргі Қазақтардың ата-бабалары екендігі болатын. Оны «Жебенің» тек қана рулық таңба екендігінен ғана емес, «Садақ» (С-ада-қ) деген сөздің құрамындағы «Ада», «Сақ» және осы садақтың керме қайысының «Адырна (Ад-ырна)», яғни бұл қару барлық қарулардың Атасы делініп, Адам атамыздың атын иемденуінен де көруге болады. Осы қарудың қай кезеңде дүниеге келгенін саралайтын болсақ, оны қазақтың қарашаңырағын ұстап қалған Адай атамыздың үш немересі Құнанорыс, Ақпан және Жеменейлердің кезі деп тұжырым жасаймыз. Себебі, «Садақ» сөзінің құрамындағы Қаз Адайдың Ақпаны мен бүкіл әлем білетін Сақтың, Садақтың екінші атауы Жайдың құрамындағы «Ай»-ды, үшінші атауы Жақтың құрамындағы «Ақ»-ты және жебелерді салатын «Қорамсақты» қосыңыз. Қорамсақ – біріккен сөз. Сөз түбірі Ор, ары қарай Қор, орам, ақ, Сақ. Меніңше бұған ешқандай комментарий қажет болмаса керек. Себебі, Ор – артық су жинайтын сай болса, Қор – артық жинақталған керекті дүние. Екеуінің де негізгі мағынасы бірдей. Ал, бұл жерде Жеменей қайдан шықты дейтін болсақ, Жебенің алғашқы буынының Жеменей атамыздың есімінің алғашқы буынымен сәйкес келетіні осыдан. Міне осы жерде Жай мен Жақтағы «Ж» дыбысының да қайдан шыққаны өз-өзінен түсінікті болса керек. Сонда жебенің (садақтың) Адайларға таңба болып бекітілуінің басты себептерінің бірі олардың осы қаруды ойлап тауып, күнделікті қолданысқа енгізулері болып табылады. Қазақтың ру таңбаларының бәрі осылай дүниеге келген. Сөзіміз дәлелді болуы үшін тағы бір мысал: Маңғыстаулық Адайларға көрші (Қазіргі Ақтөбе облысына қарасты Байғанин ауданы, ежелде Табын ауданы деп аталған) Алшынның Жеті руына жататын Табын руының таңбасы тостаған. Ру есімінің Табын, таңбасы «тостаған» болуы бұл рудың шығу тегін өте тереңге сілтейді. Дәлірек айтқанда, Табын (Жылқышы) аталарымыздың даланың жабайы құланын қолға үйретіп, ерттеп мінген және оның сүтінен қымыз ашытып, тостағанға құйып, қонағына ұсынған кезеңі. Қазақтардың күні бүгінде де жылқы үйірін Табын дейтіндері осыдан. Сол сияқты найзаны ойлап тапқандар, бүгінгі Наймандардың ата-бабалары. Енді осының үстіне, қазақтың бес қаруының ең ежелгілерінің бірі Найза екендігін қосыңыз. Кез-келген ұғымға, яғни ойлап табылған жаңалық атаулыға сол адамның (ру, тайпаның) есімі беріледі. Бұл қағиданы сол бұрынғы күйінде бүкіл әлем елдері күні бүгінде де қолданады. Мысалы: Түріктер бүкіл жүннен тоқылған бұйымдардың бәрін қазақ дейді, Орыстар Илюшин жасаған самолеттің атын «Ил», Антоновтікін - «Ан», Туполовтікін - «Ту», Ом заңы, Ньютон заңы, Архимед заңы т.т. болып жалғасып кете береді. Біз қазір мұны «авторлық» құқық деп атап жүрміз.
Маңғыстау мен Үстірттің ежелгі қорымдарының бәрінде, Маңғыстаудың бас қаласы Ақтаудағы үйлердің қабырғасында, Әуежайдан қалаға барар жолдағы бильбордта, таулардың баурайында, теңіз жағасындағы жарқабақтарда "Садақ тартып тұрған салт атты" адамның бейнесі көптеп салынған. Маңғыстау мен Үстірттегі ежелгі мыңдаған, миллиондаған құлпытастарда да садақ пен садақтың жебесі бар. Ал "Жебе" Қазақтың кенже ұлы Адайдың рулық таңбасы. Кейбіреулер қазақтарды қағазға түскен ежелгі жазба тарихы қайда деп, келемеж күлкі еткілері келеді. Ақиқатында, мөр басылған қағаз бір жауын өтсе дым қалмайды. Ал, Қазақтардың салып кеткен таңбасы Құдайдан бұйрық болмаса мәңгі тұрады. Бұл таңбаларға жауын, жер сілкіну, дауыл, тіпті топан суда ештеңе істей алмайды. Бұл таңбаларды жоюдың жалғыз жолы (Аллатағала бетін аулақ қылғай!) бүкіл жер өз орбитасынан шығып, жарылып, ұсақ бөлшектерге бөлініп кетуі керек. Ежелгі қазақтар тарихын міне осылай жазған. Ал, Біздердің тарихты осылай жазбақ түгілі, ап-айқын жазулы тұрған дүниені де оқуға біліміміз жетпей жүр.
Садақтың авторлық құқығы Қазақтың бел баласы Сақ Аталарымызда жатқанына дәлел ретінде айтарымыз:
Сақтың сөз түбірі (өз түбі, өз атасы) - Ақ. «Ақ» өз кезегінде Қаз деген түбірге жалғанып «Қазақ» деген ел атымызды құрап тұр. «Ақтың» Қаз-ақ дегеніміздегі Қазға жалғанып, Қазақтың екінші буынында тұруы Сақтардың Қазақ елінің ұрпағы (баласы) екендігін айқын көрсетіп тұр.
Қаз би (Қас би, Каспий) атанған халықтың, яғни Қазақтың көпшілік біле бермейтін мынадай бір қағидасы бар. Ол сөздің атасын ортасына орналастыру. Мысалы:
Садақ (С-ада-қ) – Сақтардың атасы.
Санақ (С-ана-қ) – Сақтардың анасы.
Сағақ (С-аға-қ) - Cақтардың ағасы.
Сабақ - Сақтардың апасы.
Сенек – Сақтардың енесі.
Қаған – Хандардың ағасы.
Қатар – Ақиқаттың атасы (Қар мен ақ синоним), Қаз қатар – Қаз ақиқаттың атасы және Қазақ елінің қатардың басында бірінші болып тұруы, бұл қазақ елі ең алғашқы ел, яғни қалған елдер қазақтан кейін тізіліп дүниеге келді деген сөз. Әйтпесе, арап қатар, орыс қатар, қытай қатар, еврей қатар т.т. болған болар еді.
Қабар (Х-аба-р) - Ақиқаттың апасы, анасы (Қар мен ақ синоним).
Қағаз - Қаздың (қазақтың) ағасы.
Көлеңке (К-өлең-ке) – Өлеңнің көкесі. «Өлең сөздің патшасы» (Абай). Өлең мәңгі сөзбен бірге, көлеңке мәңгі адаммен бірге.
Сәукеле (Сәу-ке-ле) – Сәуленің (нұрдың), яғни Сақтардың әкесі. Ежелгі Сақтардың шошақ төбелі бас киім киетіндерінің сыры осы.
Жанақ – Жақтың (Садақтың балама атауы) анасы.
Жанай – Жайдың (Садақтың балама атауы) анасы.
Қадам – Қам елінің (Нұқ пайғамбардың үш ұлының үлкенінің елі) атасы.
Қалам – Қам елі алдыңғы ел. Нұқ атамыздың үш ұлының (Қам, Сам, Иапес) үлкені.
Қапам – Қам елінің апасы.
Қалмақ - (Қ-алма-қ) сөз түбірі алма, бұл баяғы Адам ата мен Ауа ананы ұжмақтан қуатын жеміс ағашы. Өздеріңіз көріп отырғандай, тұтас дүниені қақ жарған, яғни бөлінудің басы Алма деп тұр.
Ата мекен (м-еке-н), – Ата алдында, мен сөзінің қақ ортасында еке (әке) тұр. Бұл сөздің толық мағынасы «Атам, әкем және менің туған жерім». Ата-мекен, бұл Қазақ Атамның ең қасиетті ұғымы.
Алайда, бұл ұғымның қасиетін толық түсіну үшін, қазіргі таңда осы ұғымның орнына қолданыста жүрген Отан ұғымының мағынасын толық түсінуіміз қажет.
Отан – От анамыз бен Отбасымыздың, яғни бала-шағамыздың орналасқан жері. Демек, отбасың қайда болса Отаның сонда, яғни ит сияқты қарның қай жерде тойса, отаның сол жер деген сөз. Бұл қазіргі Америкаға жер-жерден жиналған әр түрлі ұлттардың «қаңғыбас» өкілдерінің қағидасына толықтай сәйкес келеді.
Біз қазір Атамекенді ауызға алмаймыз, оның орнына бар жерде үнемі бірінші етіп «Отан отбасынан басталады» деп, Отан деген сөзді ауыздан тастамаймыз. Бізге ұлы аталарымызға лайық толық қанды ел болу үшін бірінші кезекте Отан емес, Атамекен тұруы тиіс. Шындығында да, Атамекенді ауызға алмай, тек қана жалаң Отанды уағыздау біздің Ата тарихтан да, оның ұлы мәдениетінен де толықтай бас тартқандығымыз болып табылады. Бұл космополитизмнің бастау алатын жері, яғни сол жерге тіке апаратын жол. Ана тіліміздегі космополитизмнің баламасы «Ер туған жерінде, ...» делінеді. Қазіргі Қазақстанның солтүстік өңірлеріне өзге ұлт өкілдерінің аса көбейіп кетуі осы тұжырымымыздың айдай айғағы болмақ. Бұл баяғы Америкалықтардың (Европалықтардың), яғни ебрейлердің жобасымен қолдан жасалған «Мой адрес Советский Союздың» жалғасы.
Салақ (С-ала-қ) – Сақтардың аласы, яғни өңі өзгеріп, бұзылған сақтар (салақ адам) т. т. болып жалғасып кете береді. Бұл жерде сөздің атасы (түбірі, авторы) жалпы ұғымның қақ ортасында беріліп тұр. Бұдан асқан даналық болар ма? Міне біздің аталарымызды осы үшін де Қас би (Каспий) деп атаған.
Садақ – Сақтардың ата (бас, ұлы) қаруы. Оғы жебе. Жебе қорамсақта қарумен бірге жүреді. Қазақтарда да солай жеті атаға дейін ет-жақын туыс саналып, олардың ұлдары мен қыздарына жеті атаға дейін үйленулеріне тыйым салынған. Бұл қазақтың Ата салты, бүгінгіше айтқанда Ата заңы. Жебе керіле тартылған Ад-ырнадан атылып ажырағанша қорамсақта Садақтан бөлінбей бірге жүреді. Атылғаннан кейін оққа айналады. Қазақтың ауыз екі сөзінде де, жазба жыр-шежірелерінде де жебе тиді делінбейді, оқ тиді делінеді. Бұл Ата жұрттан ажырап, отау тігіп кеткен ұлттар мен ұлыстар деген сөз. Бөліну сегіз санынан, яғни Араб пен Ебрейлердің аталары Семиттерден басталады. Сегіз бен Семиттің түбірлес болатыны осыдан. Ары қарай әлем тарихындағы сегіз оқ, тоғыз оқ және он оқ (он жебе) халықтары деп жүргендеріміз осы бізден бөлінген елдердің қайта біріккендегі атаулары. Қазақтың Ата заңында Адам Ата ұрпақтары жеті атаға дейін бөлінбейді.
Қорытынды: Садақ - Сақ Ата, яғни Садақтың авторы Сақтар деген мағына береді. Ж- жетінші буын ұрпақ Жеменей (Бұзау), Ай - Адайдың екінші буыны әйел-ана, Ақ - Ақпан, Адайдың бесінші буын ұрпағы болады. Сақтың сөз түбірі, яғни түбі, өз атасы Ақ болатыны осыдан. Қорамсақ - Қорамның түбірі Ор, Ора, Орам болса, екінші буында солардың сыртында Сақ тұр деген мағына береді. Адырнаның түбірінен Адайды көрсек, Жебеден Жеменейді көреміз. Қорамсақтың «ор» деген түбірінен Құнанорыстарды көреміз. Жеті санының - Жебе, Жеменеймен түбірлес болатыны осыдан. Барлық атаулардың түбірінде сол ұғымдарды дүниеге әкелген Аталарының аты сақталып тұр. Қазақтың бұл қағидасын бүткіл жер бетінде қолданбайтын бірде-бір ел жоқ.
Тарих тағлымы: Еске ұстайық! Атам Қазақтың сөз жасау жүйесіндегі Сөз түбірі, яғни өз түбі, өз Атасы және оның құрамы ешқашан жаңылысып көрген емес және ешқашан жаңылыспайды да. Жаңылысатын адамдардың санасы, яғни ақылы мен білім деңгейлері ғана.
ОСЫ ЖОЛДАРДЫ ОҚЫҒАН БАРШАҢЫЗҒА ҰЛЫ ЖАРАТУШЫ АЛЛА ИМАН БЕРГЕЙ!
Мұхамбеткәрім Қожырбайұлы, Маңғыстау
Abai.kz