Сенбі, 19 Қазан 2024
Жаңалықтар 3356 0 пікір 14 Қыркүйек, 2017 сағат 15:42

Маңғыстауда туристер слеті өтті

«Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі ҚХА жанындағы «Этно тур» компаниясы және «Халық келісімі» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, Маңғыстау облысындағы бірінші қазақстандық туристік слеттің 50 жылдығына арналған облыстық туристік слет өткізді, деп хабарлайды «Abai.kz» ақпараттық порталы.

Қарақия ойпатының көз арбаған таңғажайып шатқалында өткен іс-шараның мақсаты – халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, облыс тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті дамыту, түрлі этнос өкілдерінің назарын ішкі туризмге аудару.

Облыстық туристік слетке этномәдени бірлестіктер өкілдері, жастар белсене қатысып, туристік дағдыларды меңгерді.

Сондай-ақ, іс-шара барысында туристік «Этно-ас үй» байқауы және  этномәдени бірлестіктердің шығармашылық топтарының этнофестивалі өтті.

Туристік слет қорытындысы бойынша, жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Abai.kz

0 пікір