Cенатор Әбдікәрімов сатып алуларда «ұсталған» мемлекеттік қызметкерлер мен топ-менеджерлердің саны көбейеді деп қауіптеніп, тендерлерге БАҚ-ты тартуды ұсынады
Астана. 5 маусым . ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. Парламент сенатының депутаты, «Нұр Отан» партиясының жанындағы жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов азаматтық қоғамның, соның ішінде БАҚ өкілдерін мемлекеттік органдар мен Ұлттық компаниялардың сатып алуларды өткізу шараларына тартуды ұсынады.
«Мемлекеттік сатып алуларды өткізу ережелеріне ашық конкурстар бойынша тендерлік комиссиялардың отырыстарына БАҚ және азаматтық қоғамның басқа да өкілдерінің еркін қатысуын қамтамасыз ететін нормалар енгізетін уақыт жетті деп есептейміз. Бұл шара мемлекеттік сатып алуларды шыныменен ашық етуге мүмкіндік береді. Олай болмаған жағдайда, қылмыстық жазаға тартылған мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы мемлекеттік қызметкерлердің, Ұлттық холдингтер басшыларының саны тұрақты түрде өсе береді», - деді ол «Самұрық-Қазына» мемхолдингінде тендерлер өткізу бойынша кеңесте.
Депутат атап көрсеткендей, меморгандар мен азаматтық қоғамның бірлескен әрекеттерінің арқасында «терең тамыр жайған жемқорлыққа қарсы тұруға болады».
«Шындық көрсетіп отырғандай, аудандық, қалалық, облыстық және республикалық деңгейде мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушылар ешкімнен, ештеңеден қорықпай, қолдарынан біреу ұстап алғанша, бюджет қаржысын жымғыруды жалғастыруда», - деп мәлім етті О.Әбдікәрімов.

Сонымен қатар, ол «Самұрық-Қазына» басшылығына «сатып алуларды жүргізуді тәртіпке келтіру ниеті» үшін алғыс білдірді.
«Нұр Отан» партиясы оларды (мемхолдинг басшылығын - ҚазТАГ) толығымен қолдайды және оларға нақты көмек көрсетеді», - деп атап өтті сенатор.