Сенбі, 23 Қараша 2024
EXPO - 2017 2522 0 пікір 20 Қыркүйек, 2017 сағат 14:35

EXPO көрмесінде ұсынылған шетелдік жетекші технологияларды еліміздің экономикасына енгізу өте маңызды

Еліміздің Энергетика министрлігі EXPO 2017 көрмесінде ұсынылған энергетика саласында жүзеге асырылатын жобаларды іріктеуді аяқтауға жақын, - деп хабарлайды Abai.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан Үкіметінің Баспасөз орталығында өткен брифинг барысында жариялады.

«EXPO көрмесінде ұсынылған шетелдік жетекші технологияларды еліміздің экономикасына енгізу өте маңызды. Қазіргі уақытта министрлік осы сауалды пысықтауда. Біз «Қазмұнайгаз», «Қазтрансгаз», KEGOC секілді ұлттық компаниялардың 40 астам жетекші сарапшысынан, сондай-ақ энергетиканың әртүрлі секторларының сарапшы-талдаушыларынан, министрлік пен ведомстволық бағынышты құрылымдардың өкілдерінен тұратын сараптаушы жұмыс тобын құрдық», - деді М.Мырзағалиев.

Жұмыс тобының өкілдері EXPO 2017 халықаралық павильондары ұсынған жаңа технологиялардың сараптамасын өткізді. Оның нәтижесінде Австрия, Германия, Нидерланд, Ресей, Финляндия секілді елдердің 105 технологиясы кірген тізім жасалды.

«Технологиялар төрт бағытқа бөлінді: мұнай және газ, көмір және атом өнеркәсібі, электр энергетикасы, ЖЭК және энергияны үнемдеу, экология, соның ішінде қалдықтарды басқару, су тазарту, ауаның сапасын қадағалау», - деп көрсетті вице-министр.

Сарапшылардың іріктеп алған жобалары арасында электр желілері мен ЭБЖ шығындарын азайтуға бағытталған Smart Greed неміс технологиясы бар.

«Желілеріміздің архитектурасы мен үлкен қашықтарды ескерсек, бұл қазақстандық электр энергетикалық жүйесі үшін өте тиімді», - дейді энергетика вице-министрі.

Сарапшылар назарына жер асты суларынан жылу және электр энергиясын шығару - геотермальды көздерді қолдану технологиясы ілікті.

«Халықаралық бағалау бойынша, үй шаруашылықтары, фермерлік қожалықтар, өнеркәсіптік нысандар мен мекендерде қолдануға болатын жаңғыртылатын энергетиканың осы түрінде Қазақстанның әлеуеті зор», - деп санайды Мағзұм Мырзағалиев.

Энергияны үнемдейтін «Турбосфера» беларусь технологиясы табиғи және ілеспе газды электр энергиясына түрлендіре отырып, кәдеге жаратуға мүмкіндік береді. Технология ЖЭС электр энергиясын тұтынуды азайтуға көмектесетін мұнай шығаратын компаниялар үшін демеу бермек.

Сарапшылар қашыртқы суларды ауызсу сапасына жеткізуге мүмкіндік беріп, қалдық қоспалардың конденсатын АӨК тыңайтқыш ретінде қолдануға жағдай жасайтын фин технологиясының нәтижелілігін растады. Вице-министрдің айтуынша, технологияны қолдану мүмкіндіктері Қазақстанның қалалық суарнасы мекемелерімен зерттелуде.

«Көгілдір көмір» польшалық технологиясы зиянды заттардың шығарылымын 80 пайызға төмендетіп, көмір жағудың тиімділігін жоғарылатуға мұмкіндік береді. Қазақстандағы көмір генерациясы 70 пайыздан астам екендігі баршаға аян. Сондықтан қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту мәселесінің өзектілігі жоғары», - деп атап өтті энергетика вице-министрі.

Мағзұм Мырзағалиев хабарлағандай, «Қазгидромет» РММ мамандары экологиялық бақылау жүргізудің фин технологиясын сынқтан өткізуге кірісті. EXPO 2017 павильонында таныстырылған экологиялық бақылау бойынша инновациялық станция Астанала орнатылды. Станция елорданың атмосфералық ауасының құрамын бақылап, азот диоксиді, көміртек оксиді, күкірт диоксиді, озон, РМ-2,5 және РМ-10 өлшенген бөлшектері секілді заттардың құрамын тіркейді.

«Мен өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмысына, жалпы Қазақстанның экономикасына оң әсер бере алатын EXPO-2017 көрмесінде таңдалған технологиялардың қолданбалы екендігін көрсететін бірнеше мысалын келтірдім», - деп көрсетті Мағзұм Мырзағалиев.

105 технологияның ішінен 45-і тоғыз отандық компанияның түбегейлі зерттеуінде. 14 технологияны 2 университет, ал 12 жобаны екі әкімдік пысықтауда.

Алайда вице-министр БАҚ өкілдерін артық эйфорияға берілуден сақтандырып, технологияны іріктеуден оны жүзеге асыруға дейінгі жолдың қашық екендігін білдірді. Сонымен қатар кез келген технологияны іске асыру қосымша ресурстарды қажет етеді.

«Сонымен бірге, оң әсер экономикалық, экологиялық, әлеуметтік тұрғыдан да зор болуы мүмкін», - дейді Мағзұм Мырзағалиев.

Айта кетейік, Астанадағы көрмені 2 миллион турист тамашалайды деп топшылаған. Биыл 4 миллион туристті қонақ етті. Көрме павильондарын ұзын-ырғасы 30 миллион адам кіріп көрген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401