Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2742 0 пікір 7 Маусым, 2009 сағат 18:14

Жанар НҰРҒАЛИ. ЖАСАСЫН СӨЗ!

Әуелде СӨЗ болған… Інжіл осылай дейді. Сөздің қасиеті мен киесін білетін ағаларым да солай деп жүр. Оған талас жоқ. Санасында сәулесі бар сірә, таласа қоймас.    
«Сөз түзелді. Тыңдаушы сен де түзел» деді Абай. Сөздің түзелгені қашан. Тек соның қадіріне жететін жоқ. Бұ заманда Сөз қадірін кім ұққан? Кеше оның жылағанын көрдім. Шынымен жылап тұр… Әлдекім оны қолымен ұстап алмақ бопты. Қолы ұзын екен. Ішіне үңіліп, ұға алмаған ғой, қайтсін. Ал, Сөзді қолмен ұстау мүмкін емес! Әлгі Сөздің киесін ұмытыпты. Сөзді кінәлады. Сөз – тасырға тек қорек болған екен. Ол бір күні Сөзді жоғалтуы мүмкін.  Шынымен. Бірақ оның қасында… киесі қалады. Кие. Киеден қорқу керек. Киеге қалу – қасірет, киеге қалмау – қасиет. Қорқып қана Сөзге қол созуға болмайды дейді бір тақуа. Дұрыс шығар. Қорқыныш, үрей – шынайы сенімге жол ашпайды. Ал, менің ойым – сүйе алмағандар Сөзден қорықса дейді. Қорықпағаннан қорық!  Олар сенімі жоқтардан қауіпті.
Тірлікте Сөз қадірін ұқпағанның рухани жан дүниесі шын мәнінде салтанат құра алмайды.  Өйткені, онда құдірет бар. Сөз – құндылық. Бойында құндылығы бардың ғана сөзі өтеді. Мұндай құндылықтан ада қалғаннан есті Сөз шықпайды.
Сөзсіз – әлем күйрейді. Сөз – қасиет. Ол жоқ жерде береке болмайды. 

Иә, Сөзді сүю керек. Сүймеген – қадірін ұға алмас, тереңіне жете алмас. Ол үшін оған деген махаббат керек. Онсыз Сөз қолға тұрмас, уысқа сыймас. Сөздің орны – жүрек. Ол тек жүрекке ғана сияр. 
Бір кезде «Батыс – жалаңаш, Азия – енді шешіне бастады» деп жазған неміс пәлсапашысы Ницше осы Сөзден адалық жайлы айтқан шығар бәлкім. Шынында да жүрегінде Сөзі жоқ – жалаңаш, жапырағы жоқ ағашқа ұқсайды. 
Сөз – жалғыз. Сөз – жетім. Ол – бар. Оның іздеушісі қазір аз. Көбейер. Сөзді сүйген іздейді. Олар Сөздің жер бетіндегі жасампаз қолтаңбасы іспетті. Оның теңдессіз күші жаңа туындылардың дүниеге келуіне жол ашады. «Толқынды толқын қуады». Себебі, Сөз – көпір. Ұрпақ пен ұрпақ  арасындағы алтын жіптің тініндей.
Алайда, Сөз әлемінде де кездейсоқтықтар ойыны бола береді. Тек ол құр бекершілік қана болмақ…
Кейде мен жаным құлазып Сөзді іздеймін. Оның барын сезгің, сезінгің келеді. Әлемнің онсыз құны көк тиын, мәні жоқ екенін ұғам. Қиюы қашқан әлемнен Сөзді Құнанбай баласының ғана тәңірілік тұрғыда сезінгенін, Шәкәрімнің ғана сопылық кемелдікке қол жеткізгенін еске ап жұбанам.  Ондайда «бас-басына би болған қиқым» тірліктің ойыны әдірем қалсын деймін. Әйтеуір, бізден өткен ұлылар биіктетіп кеткен Сөздің аса қуатты құдіретінің, адами өміршең мән-мағыналардың өлмейтініне сенем. Соған қуанам.
«Мына жарық дүниеде ештеңе – мәңгілік емес. Тек ештеңе – мәңгілік» дейді бір көкем. Сөз ше?
Әуелде Сөз болғаны рас. Сөз – Құдай. Алланың қасиетті кітабынан ақылды Сөз айту мүмкін емес. Бірақ осы жолдарға Бауыржан ақын «Сөз болады Соңы да» деген есті өлең жолын қосты. Жалпақ ғаламның жарығын жағып, өшіретін де Сөз дегені ғой. Өйткені, Сөз – мәңгілік.  Сөз – Ақиқат. Сөзге – Ақиқатқа деген махаббат қана мәңгілік! Сөз жасай береді. Жасасын Сөз!

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522