Дүйсенбі, 8 Маусым 2026
Бәрекелді! 144 0 пікір 8 Маусым, 2026 сағат 15:12

Пашинянның жеңісінің маңызы

Сурет: Nege.kz сайтынан алынды

 Армениядағы Парламент сайлауының қортындысы шықты. «Азаматтық келісім» партиясы жеңіске жетті. «Бұл тарихи жеңіс Армения Республикасының тұрақтылығы мен дамуына кепілдік береді. Бізде мығым институционалды әлем болады», – деп мәлімдеді партия көшбасшысы, елдің премьер министрі Пашинян.

 Арменияның Орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауындағы барлық бюллетеньдерді толық санап шыққан.  

Нәтижеге сәйкес, премьер-министр Никол Пашинян жетекшілік ететін «Азаматтық келісім» партиясы 49,8% дауыс жинап, бірінші орын алды.

Екінші орынға кәсіпкер Самвел Карапетян қолдайтын «Күшті Армения» партиялар блогы шықты. Ол сайлаушылардың 23,3% дауысын алды.

Сондай-ақ парламентке бұрынғы президент Robert Kocharyan жетекшілік ететін «Армения» партиясы (9,9%) және «Гүлденген Армения» партиясы (4%) өтті.

Пашинянның партиясы ең көп дауыс жинағанымен, 50%-дан төмен нәтиже көрсеткендіктен, үкіметті жеке өзі құра алмайды. Соған қарамастан, ол парламенттегі орындардың басым бөлігін иеленеді.

Тоқаев Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның Армения елінің ұзақмерзімді ұлттық мүддесі жолындағы қызметте табысқа жете беруіне тілектестік білдірді. Президент Қазақстан достас Армениямен барлық салада өзара мүддеге сай белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін атап өтті.

Армениядағы бұл жолғы парламент сайлауының жаһан назарында болғаны тегің емес. Себебі Пашинян Ұжымдық қауіпсіздік ұйымынан шығуды, Еуроодаққа мүше болуды дәріптеп, бұрын кеңес құрамында болған елдерге «жаман» жақтан үлгі көрсетіп, Ресейдің, жүйеден Путинның шамына тиіп жүргені белгілі. Таяуда Астанада өткен Еуразия экономикалық одағының жиынына Армения үкіметбасы келген де жоқ.

Бұл жолғы парламент сайлауы Армения халқының Пашинян мен оның партисына сенімі жоғары екенін, оның бастамаларын қолдайтынын көрсетті.

Abai.kz

0 пікір