Жұма, 27 Қыркүйек 2024
4508 3 пікір 18 Қазан, 2017 сағат 09:15

Сирияда америкалық коалиция күштері радикалды исламшыларды Раккадан шығарды

Сирияда АҚШ қолдау көрсететін коалиция сейсенбі күні Ракка қаласынан "Ислам мемлекеті" ұйымы мүшелерін шығарғанын мәлімдеді. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, олар төрт айға созылған күресте жалауларын көтерген.

Ракканы азат еткен Сирия демократиялық күштеріне қолбасшылық жасаған Ройд Фел қазір қаланы минадан тазалауға кіріскенін хабарлады. Ракканы алғаны туралы ресми мәлімдеме ИМ мүшелері қойып кеткен минаны түгел тазалап болған соң жарияланбақ.

Ракканы алу "Ислам мемлекеті" қозғалысының құлауы болып есептеледі. Дәл осы қалада 2014 жылы жихадшылар жеңіс парадын өткізген. Осы жылы "Ислам мемлекеті" қозғалысы Сирияда және Иракта басып алған көп аумағынан айырылған. Сирияда жихадшылар Евфрат жазығына қарай ығысты.

Abai.kz

3 пікір