Сағынтаев қырғыз делегациясымен келіссөздердің қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады
ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қырғыз делегациясымен келіссөздердің қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Baq.kz ақпараттық порталы.
Сағынтаев шекара, көлік, фитосанитария және санитарлық бақылау салалары бойынша мәселелер сарапқа салынғанын айтты. Келіссөздер нәтижесінде екі ел тарапынан бірлескен жұмыс тобы 5 күн ішінде бірлескен жол картасын әзірлеуге уағдаласқанын мәлім етті.
«Ең алдымен біз екі жақты экономикалық қатынастардың түйткілді мәселелерін талқыладық. Ол біздің елдердің шекара, көлік салаларына, фитосанитария және ветеринарлық бақылауға қатысты. Бұдан бөлек Еуразиялық экономикалық одақ пен дүниежүзілік сауда ұйымының тиісті нормалары мен ережелері ескеріле отырып, кедендік және салықтық әкімшілік бағыттағы мәселелер қаралды», - деді Қазақстан Премьер-министрі.
Abai.kz