Жұма, 27 Қыркүйек 2024
4394 0 пікір 19 Қазан, 2017 сағат 09:39

Қазақстан мен Өзбекстан әуе қатынасы кеңейеді

"Эйр Астана" және "Узбекистон хаво йуллари" компаниялары әуе рейстерін көбейтуге келісті.

Компаниялар Ташкенттен Алматыға, Астанаға және кері бағытта қатынайтын әуе рейстері санын көбейтуге келісті. Бұған қоса Қазақстан қалаларынан Өзбекстанның тарих шаһарлары - Үргеніш, Бұхара және Самарқан қалаларына әуе қатынасы ашылады.

Сонымен бірге қазақ және өзбек компаниялары техникалық қызмет көрсету және ұшақтарды жөндеу жұмыстары бойынша әріптес болуға да келісті.

Әуе компаниялары өкілдерінің кездесуінен соң хаттамаға қол қойылды. Қазір Ташкент-Алматы-Ташкент рейсі аптасына алты мәрте, Ташкент-Астана-Ташкент рейсі аптасына екі рет қатынайды.

Abai.kz

0 пікір