Жұма, 27 Қыркүйек 2024
3774 0 пікір 19 Қазан, 2017 сағат 09:40

Қырғыз офицері Қазақстанда бір ай қамауда отырады

Қазақ-қырғыз шекарасында ұсталған Қырғызстан Қарулы күштері Бас штабының подполковнигі У. А. бір айға қамалды.

Қырғызстан ҚҚ Бас штабының хабарлауынша, Қазақстанның Қордай аудандық соты қырғыз әскер қызметкерін тергеу аяқталғанша қамауда ұстау туралы шешім шығарды.

Еске салайық, Бас штаб мәліметі бойынша, подполковник қырғыз-қазақ шекарасындағы "Ақ-Жол автокөлік жолы" тексеру-өткізу пунктінде 15 қазанда ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, одан есірткі табылған. Қырғыз азаматын Қазақстан шекарашылары ұстаған.

Подполковник "Мызғымас достастық-2017" әскери оқуларына бара жатқан. Қырғызстан Бас штабы бұл оқиғаға қатысты қызметтік тексеру жүргізеді.

Abai.kz

0 пікір