Сенбі, 23 Қараша 2024
3400 5 пікір 24 Қазан, 2017 сағат 08:33

Шавкат Мирзияев келесі аптада Түркияға барады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев қазанның аяғында ресми сапармен Түркияға барады, деп хабарланды Стамбул эскпортшылар қауымдастығының сайтында. Өзбекстан басшысының сапары 25-27 қазанда Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанның шақыртуымен өтеді.

Екі елдің басшылары соңғы мәрте 10 қыркүйекте Астанада Ислам әріптестігі ұйымының саммитінде кездесті. Сол кездегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, туризм және басқа да салалардағы әріптестікті арттыру мәселелері талқыланған.

Бұның алдында Шавкат Мирзияев Түркия азаматтары үшін визалық жүйені жұмсарту туралы қаулыға қол қойды. Енді олар Өзбекстан визасын шақыртусыз ала алады, оны үш күнде жасап береді.

Түркия мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы - $1,2 млрд. Осы уақытқа дейін түріктің құрылыс компаниялары Өзбекстанда 110 жобаны жүзеге асырып, $2 млрд игерген. Бұған қоса, Өзбекстандағы түрік инвестициясы - $1,2 млрд.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369