Бейсенбі, 10 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2175 0 пікір 8 Желтоқсан, 2010 сағат 05:41

Грек-рим күресінен Қазақстан Кубогында құраманың жастары жақсы нәтиже көрсетті

Алматы. 8 желтоқсан. ҚазТАГ –Грек-рим күресінен Қазақстан Кубогында құраманың жастары жақсы нәтиже көрсетті, деп хабарлайды спорт журналистерінің одағы (СЖО).

Гуанчжоудағы Азиадада ел намысын жыртқан негізгі құраманың 7 палуаны турнирге түрлі себептерге байланысты қатыса алмады. Жаттықтырушылар жекпе-жектерге резервтегі жастарды шығарды.

55 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде жастар арасындағы әлем чемпионы Артур Үмбетқалиев ақтық кездесуде Жангелды Әзекеновтан басым түсті. 60 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде Бекжан Жарболов Ербол Қалабаевты жамбасқа тастады. Ал 66 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде Ербол Қоңратов Сәби Исаевты жеңді. 74 кг-ға дейінгі салмақта Мақсат Ережепов Асхат Ділмұхамедовтан басым түсті.

84 кг-ға дейінгі салмақта Жанарбек Қабдолов Шыңғыс Сыздықовтан күшті болып шықты. 96 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде Марғүлан Әсембеков Серікжан Әлібаевпен жекпе-жекте жеңімпаз атанды. Ал 120 кг санатында Әбдімәлік Сартбаев Бағлан Будановты жеңді.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1704
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4461
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3454