Бейсенбі, 10 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2174 0 пікір 8 Желтоқсан, 2010 сағат 05:52

Мәжіліс депутаты Сәрсенов үкіметтен күнбағыс дәндерінің кейбір сұрыптарының экспортына салынған тыйымды алып тастауды өтінді

Астана. 8 желтоқсан. ҚазТАГ– Айгүл Түлекбаева. Мәжіліс депутаты Нұрдәулет Сәрсенов күнбағыстың «кондитерлік сұрыптары» деп аталатын дәндерінің экспортына салынған тыйымды алып тастауды сұрап, премьер-министр Кәрім Мәсімовтың атына депутаттық сауал жолдады.

Қазан айында азық-түлік қауіпсіздігі мақсатында үкімет азық-түлік өнімдерінің кейбір түрлерін, соның ішінде күнбағыс дәндерін елден әкетуге тыйым салған болатын.

«Қаулының (үкімет қаулысын - ҚазТАГ) әзірлеу барысында кондитерлік сұрыптар деп аталатын, құрамындағы майлылығы 30%-дан аспайтын дәндерді өңдеушілер мен өндірушілердің мүдделері ескерілмеген. Бұл дәндер өсімдік майының өндірісіне жарамайды, бірақ, сонда да, бұл өнімді елден әкетуге салынған тыйым қамтиды», - деді депутат сәрсенбі күні мәжілістің пленарлық отырысында.

Оның айтуынша, бұл тыйым қазақстандық экспорттаушыларды осы дақылды жеткізуші ретінде Ресей нарығындағы орнын нығайту мүмкіндігінен айырып, түркиялық, қытайлық жеткізушілерге жол беруге мәжбүрлеп отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1704
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4462
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3454