Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2378 0 пікір 9 Желтоқсан, 2010 сағат 13:37

ПМХЗ қызметкерлеріне кәсіпорынның аумағында ұялы телефонмен сөйлесуге тыйым салынды

Павлодар. 9 желтоқсан. ҚазТАГ - «Павлодармұнай-химия зауыты» АҚ (ПМХЗ) қызметкерлеріне кәсіпорынның аумағында ұялы телефонмен сөйлесуге тыйым салынды, деп хабарлайды кәсіпорынның «Нефтепереработчик» газеті.

Басылымның ақпаратына сәйкес, ұялы телефондарды пайдалануды шектеу туралы бұйрыққа бас директор 19 қарашада қол қойған, ал «бұйрықты зауыт қызметкерлерінің арасында тарату» 6 желтоқсанға дейін белгіленді.

Бұйрыққа сәйкес, бақылау-өткізу бекеттерінің бәрінде, орталық кіреберісте ұялы телефондарды сақтайтын орындар жасалады. Ал зауыт жұмыскерлеріне «қауіпсіздік ережелерін бұзу оқиғалары туралы тікелей бастығына хабарлау, бұзушыға өз әрекеті үшін жауапкершілік көтеретінін айту» міндеттелді.

Қажет болса, кәсіпорын цехтарында орнатылған қалалық телефондар арқылы қысқаша сөйлесуге болады. Сонымен бірге, шектеулер толықтай қамтымаған қызметкерлердің тізімі бекітілді. Мысалы, ПМХЗ-ның «периметрінен» тыс жерде – зауыт басқармасының ғимаратында жұмыс істейтін қызметкерлер ұялы телефондарын пайдалана алады, ал зауыт аумағына кіргенде, олар телефондарын жұмыс орындарында қалдырып кетуге тиіс. Жұмыс күні бойы өз кабинеттерінде отырып, қондырғыларға шықпайтын адамдар телефондарын пайдалана алады.

«Цехтар мен зауыт бөлімшелерінің басшыларына бөтен ұйымдармен келіссөз жүргізіп, коммерциялық ұсыныстарды талқылау үшін ұялы телефонды пайдалануға тыйым салынады, бұл мәселелердің бәрін «ПМХЗ» АҚ бас директоры шешеді», - деді техникалық директор Оспанбек Әлсейітов, оның сөздері мақалада келтірілген.

Оның атап көрсетуінше, қазақстандық нарық өндірісі күдікті телефондарға толы, олардың жарылыстан қорғаныс деңгейі көрсетілмеген, сондықтан мұндай телефондарды пайдалану өндіріс үшін қауіпті болуы мүмкін. Зауыттың аумағында ұшқын-жарылыс қауіпсіз радиостанцияның көмегімен ғана әңгімелесуге рұқсат етілген.

Бұдан басқа, кәсіпорын басшылығы мұндай бұйрықты шығаруын нұсқаулықтың коммерциялық құпияны жарияламау туралы бөлігін орындау қажеттігімен түсіндірді.

«Ұялы телефондарға фото және бейнежазба функциялары орнатылғанын бәріміз білеміз, бұл оларды қызметтік ақпаратты көшіріп, зауыт аумағынан тыс шығаруға мүмкіндік береді» - деді О. Әлсейітов.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529