Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2113 0 пікір 9 Желтоқсан, 2010 сағат 13:38

Өскеменде коммуналдық төлемақыны төлемеген тұрғын 10 тәулікке қамалды

Өскемен. 9 желтоқсан. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысы орталығының тұрғыны ыстық су мен жылу қызметтері үшін қарызын өтеу туралы сот шешімін орындамағаны үшін әкімшілік соттың шешімімен 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды «Өксемен Жылу Желілері» АҚ баспасөз қызметі.

«Өскеменде прецедент жасалды. Алғаш рет сот орындаушысы сотқа шағымданды, ал заң бұзушы 10 тәулікке қамауға алынды», - дейді коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері.

Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, халықтың жүз миллион теңгені құрайтын жылу мен ыстық су үшін қарыздары қаланы тұрақты түрде жылумен қамтуға қауіп төндіріп отыр. «Кешегі рейд кезінде ғана (8 желтоқсанда -ҚазТАГ) санитарлық-қорғау аймағымен шекаралас орналасқан ықшам ауданда Т500 мыңнан асатын қарыздары бар 14 пәтерлі үй анықталды», - деп мәлім етті кәсіпорын қызметкерлері.

«Бұл - тұрғындарының бір бөлігі осыдан екі-үш жыл бұрын көшірілген Куйбышев көшесіндегі апатты жағдайдағы барактар. Бос қалған пәтерлерге құқық беретін құжаттары жоқ адамдар кіріп алған. Олар жылу үшін жылдап төлемейді, бірақ соттар тіркеу құжаттарынсыз  істерді қарамайды», - деп атап өтті мамандар.

«Өскемен Жылу Желілері» АҚ пікірінше, қарызды төлету мәселесін «әкімдіктің көмегінсіз шешу қиынға соғады», әсіресе, апатты үйлерде тұратындардың мәселелерін шешу оңай емес.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522