2009-2010 жж «Жол картасы» шеңберінде 150 мың адам жаңа мамандық игерді
Астана. 9 желтоқсан. ҚазТАГ – 2009-2010 жж «Жол картасы» шеңберінде кадрларды дайындау курстарына 150 мың адам жіберілді, деп хабарлайды ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
«Жалпы Жол картасы шеңберінде 2009 жылы 97,7 мың адам, 2010 жылы 52,3 мың адам оқуға жіберілсе, 2009 жылы 70,7 мың адам, 2010 жылы 39,8 мың адам оқуларын аяқтады», - делінген бейсенбі күні таратылған ақпаратта.
Баспасөз мәлімдемесінде атап көрсетілгендей, кадрларды дайындау және қайта даярлау жол картасының жобаларын жүзеге асыру үшін қажет мамандықтар бойынша жүргізілді. Индустрияландыру жобалары үшін мамандарды дайындауға мемлекеттік білім беру тапсырысын арттыруға ерекше назар аударылды.

Адамдардың басым бөлігі электр жәнекерлеуші, жүргізуші, слесарь, монтаждаушы, электрик, электр монтеры, өңдеуші, сырлаушы, тас қалаушы, құрылыс машиналары мен механизмдерінің машинисі, ағаш шебері, тракторшы-машинист мамандықтарын алып шықты.
«Аталған мамандықтардың мамандары Жол картасының жобаларында және бос жұмыс орындарынан жұмыс берілді. Барлығы 75 мың адам жұмысқа тұрғызылды,-делінген ақпаратта.
Министрліктің мәліметтеріне сәйкес, Жол картасын қаржыландыруға 2009 жылы Т191,5 млрд, 2010 жылы Т150,6 млрд бағытталды.
Екі жылдың ішінде 8871 жоба жүзеге асырылды, 390,6 мың жұмыс орны құрылды.