Қымбат Қалауова. Өлдің Башы қор болдың...
Ағайын Түрікпен елінің жаңа басшысы Құрбанғұлы Бердімұхаммедов жиырма жыл бойы халқын қан қақсатқан Түрікменбашы Сапармұрат Ниязовтың атын жою саясатын жүйелі түрде одан әрі жалғастырып жатыр. Осылай кете беретін болса тағы бір жиырма жылдан кейін «Сапармұрат Ниязов кім?» деген сұраққа түрікпен жастары «Ит біліп пе?» деп жауап беретін сияқты.
Түрікменбашының тірі кезінде Құрбанғұлыға не істегенін білмейміз. Алайда, тақ мұрагерінің бүгінгі тірлігіне қарап тісі әбден батқан болар деп пайымдап отырмыз. Таққа отыра салысымен Бердімұхаммедов елдің екінші Ата заңына айналған «Рухнаманы» жаттатуды тоқтатты. Ниязов енгізген жаңа күнтізбені жойып, ескі дәстүрді қайта жаңғыртты. Бейтарап Республиканың әнұранындағы Түркменбашы туралы жолдарды алып тастады. Ашгабаттың қақ ортасында тұрған күн торыған Түрікменбашының алтын ескерткішін құртты. Ниязов тыйым салған кино, цирк, балет өнерлерін қайта жаңғыртты. Башының атындағы «Түрікменбашы нәсілі» атты газет пен оның шешесі Құрбансұлтан әже атындағы журналдың аттарын өзгертті.

Бердімұхаммедовтың «жеке басқа табынудан арылу» саясатының жаңа белесі мұрағаттарға қатысты заңнаманы түзеумен жалғасты. Мысалы, 2003 жылы қабылданған мұрағаттар туралы заңда Түрікменбашыға қатысты кез-келген құжаттар аса құнды деп танылып, олар міндетті түрде мемлекеттік сақтауға түсуі керек болатын. Жақында ғана күшіне енген өзгертілер мен толықтырулар бойынша заңнан Түрікменбашы туралы баптар мүлдем алынып тасталды.
Түрікменбашының тағдыры Орталық Азияның басқа да басшыларына сабақ болуы керек деп ойлаймыз. Қанша жерден мәңгі отырамын деп тыраштансаң да құдайдың қолындағы ойыншық екенің хақ. Иттей адал, сенімді дегендердің көбісі түбінде «башыларын» әшкерелеп, қарабет қылған. Бүгіннің өзінде талайлар Құрбанғұлының істегендерін қарап, бармақтарын басып жатса да таң қалмаймыз...
«Абай-ақпарат»