Мақсат АЯН. Қазақстандағы футбол мен уран шетелдіктерді алаңдатып отыр
Саясат тонының ішкі бауындай болып кеткен спорт құрлықтан құрлыққа секіріп, ұлттың даңқын бір қақпаға сыйдыратын болып жүр. Үстіміздегі апта соңында әлемнің азулы футбол командасының Алматыға келуі шетелдік ақпарат құралдарындағы нөмірі бірінші жаңалық қатарына шығыпты. Әлемдік футбол ойнының мұндай жұлдыздары мен олардың мыңнан аса жанкүйерін қазақ топырағы бұрын-соңды қабылдамаған да болар.
Еуропа футболы чемпионаты аясында өзара тартысып жатқан командалар арасында Қазақстан мен Ұлыбритания да бар. Өткен жылы қазақ футболшылары Англияға барғанда ағылшынның бірнеше басылымы «қазақ спортшыларының аяқ киімі де жоқ екен, дүкеннен киім сатып алып жүр» деп олардың рухын жасыту мақсатында дүркін-дүркін мақала жариялағаны бар. Биыл көзімізге мұндай мақала байқала қойған жоқ. Десе де, Қазақстанда бұрын-соңды болып көрмеген спортшылар мен жанкүйерлер кейінірек өз әсерлерімен бөлісетіні сөзсіз. Бұл жолы BBC арнасына түсінік берген ағылшын футбол командасының бас жаттықтырушысы: «Бұл біздің жеңетін ойнымыз. Қазақстанда біз қалайда жеңетінімізге сенеміз. Десе де білмейтін, танымайтын елге бара жатқандықтан, біз ерекше ойын көрсеткіміз келеді» депті. http://news.bbc.co.uk/go/pr/fr/-/sport1/hi/football/internationals/8077534.stm

Mirror.co.uk басылымы Ұлыбританиядағы қазақ елшілігі футбол фанаттарына тездедетіп виза дайындап беру үшін барын салуда деп сүйіншілепті. «Әдетте виза жасау төрт-бес күнге созылатын, біз қазір оны жеделдетіп беруге тырысып жатырмыз» деген елшілік қызметкерлерінің сөзін ағылшын тілді газет: «Қазақстан антиБорат акциясын жүргізуге қызу дайындық үстінде» деген тақырыппен берген. http://www.mirror.co.uk/sport/most-popular/2009/05/24/kazakhstan-speed-up-visas-to-lure-england-fans-in-anti-borat-pr-blitz-115875-21385304/
Ал Telegraph басылымы болса, өткен жылы қазақтарды бірінші таймда жеңе алмағандарын еске түсіріп, біраз ұятты болғандарын, бұл жолы осындай әлсіздікті қайталамау керектігін алға тартқан. Ағылшынның адуындыжанкүйерлерінің тосын мінезі күллі әлемге танымал. Сондықтан Алматы сапарында да олар өздерін барынша көрсетуге тырысып бағатыны сөзсіз. Алматы қаласында қазір сақтық шаралары ескерілген. Ұлыбританияда болған матч барысында кейбір жанкүйерлер Қазақстанды ұятқа қалдыру үшін стадионға сайқымазақ «Бораттың» киімін киіп барамыз деп уәде берген еді...
http://www.telegraph.co.uk/sport/football/international/england/5412362/Fabio-Capello-wary-of-trip-to-back-of-beyond-for-World-Cup-match-in-Kazakhstan.html
Айтқандай-ақ, қазір Қазақстанның аты велошабандоздар бәсекесінде де, өкінішке қарай жақсы жағынан шығып жатқан жоқ. Қазақстанның «Астана» велоклубы спортшыларының жалақысына қатысты кикілжің әлі шешімін таппаған. Өткен аптада Армстронг жетекшілік ететін спортшылар ұжымы шетелдің ақпарат құралдарына Қазақ үкіметі мен компаниялар беруі тиіс ақша екі айдан бері қолымызға тимеді, егер мамыр айының соңына дейін бермейтін болса, біз жарыстан шығамыз деп ескерту жасаған-ды. Осы аптада Assosiated Press агенттігіне берген түсініктемелерінде: «Біз ақшамызды алдық, алайда келісім-шартты бірден бір жылға түзе алмай жатырмыз. Сондықтан біздің кейінгі жарыстарға қатысты болжамымыз анық болмай тұр» деп тағы бір мәселенің ұшын шығарыпты. http://www.google.com/hostednews/ap/article/ALeqM5hRSG41-cW04Jp9_HZmwoRJ-wel9wD98G43Q81
Шетелдің ақпарат құралдарын, сонымен қатар спорт тақырыбы ғана емес, әдеттегідей Қазақстанның табиғи байлықтыран игеруге атсалысып жатқан шетелдік инвесторлардың ахуалы да қызықтырады. Esybourse.com веб-сайты Арселор Миттал компаниясының қарамағында жұмыс істейтін 50 мыңға жуық жұмыскердің айлығы үш ай бойы 14 пайызға қысқаратынын хабарлаған. Бір қызығы мұндай келісімге Жұмыскерлер Одағының өзі де келісім беріп, келісім-шартқа отырыпты. «Экономикалық жағдай түзелген кезде бұл келісімнің бәрін біз қайта қарастырамыз» депті компания басшылығы ресми мәлімдемесінде. Осыдан бір-екі жыл бұрын Arselor Mittal компаниясында апатты жағдайлар орын алып, жүзге жуық қазақ жұмыскері ажал құшқан. Сол кезде компанияның Жұмыскерлер Одағы белсенділік танытып, өз құқықтарын даулаған. Дүниежүзінде ауыр өнеркәсіп саласындағы бірнеше компаниясы бар «Арселор Митталдың» акциялары Лондон биржасында саудаға салынуда. Аталған жаңалық компания акцияларының хал-ахуалына да әсер етері сөзсіз.
http://www.easybourse.com/bourse-actualite/arcelormittal/arcelormittal-s-kazakh-unit-reaches-salary-pact-with-workers-LU0323134006-676741
Ал, Қазақстандағы уран мәселесіне қатысты дау-дамайдың ұшы бүгінгі таңда мұхиттың ар жағына жетіп үлгерді. Американдықтарды «Қазатомпром» басшысының ұсталғанынан бұрын, уранға қатысты нарықтың енді Қазақстанда қалай жүзеге асатыны алаңдатып отырған түрі бар. Moneyweb радиосы уран нарығы саласының мамандарынен сұхбат жасап, Қазақстандағы соңғы жағдайға қатысты мәселені сараптауға тырысқан. Аталған бағдарламаға қатысқан Gold One компаниясының жетекшісі Нейл Фроунмен өз сөзінде, Қазақстанда орын алған бұл оқиғаны уран нарығына үлкен ойыншылардың келуімен байланыстырды. http://www.moneyweb.co.za/mw/view/mw/en/page55?oid=292565&sn=Detail
Орталық Азиядағы саясатты сараптайтын келісі бір шетелдік ақпарат құралы болса, бұл оқиғаны «Қазақстанның өз экономикасын сақтап қалу жолында жасап жатқан қадамдары» деп бағалапты. «Қазақстан өз экономикасындағы жоғарғы даму көрсеткіштерін ұстап қалуға тырысып бағуда. Биыл бұл өсу бар болғаны 1 пайызды ғана құрайды деген болжам бар. Қалай десек те, ел ішіндегі банктердің шетел нарықтарынан өте үлкен көлемде қарыз алуы қазір бұл елді тығырыққа тіреп отыр. Сөзсіз, экономиканың шоғы саясатқа да тиеді. Ақша жетіспеулішігі бұған кінәлі ойыншыларды іздеуге ұласатындықтан да, Қазақстанда қазір бірнеше саяси тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалып жатыр. Қазақстан қалай да өз экономикасын сақтап қалу үшін жанталасуда» http://centralasia.foreignpolicyblogs.com/2009/05/27/special-report-on-kazakhstan/
Сонымен, осы аптадағы жаңалықтардың дені Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы футбол сайысы төңірегінде өрбігенімен, бұның астарында бизнес пен саясатқа ұласатын үлкен жаңалықтар да жоқ емес. Шетелдің кей басылымдарының, «Қазақстан Еуропадан әлдеқайда қашық жатыр» деген сөзі біздің географиялық ерекшелігімізді айқындағанымен, кәрі құрлық дәл қазір Орталық Азияға қарай біржолата бет бұрып, үңіліп отырғаны сөзсіз...
«Қазақстан» апталығы. 04.06.09