Сенбі, 23 Қараша 2024
Тұлға 6211 6 пікір 15 Қараша, 2017 сағат 08:42

Марат Тәжин - билік пен оппозиция арасында саяси бітімгер

Президент әкімшілігі – жоғары мемлекеттік саяси аппарат. Ішкі саясаттан бастап, құпия-қауіпсіздік, мәдени-рухани һәм әлеуметтік-экономикалық бағыт т.с.с. стратегиялық ойлар талқыланып, шешімдері шығарылатын саяси ұстахана. Бейнелеп айтқанда, осылай. Мысалы, Елбасымыздың мемлекеттік, стратегиялық жоспарларының негізгі картасы да сонда сызылып, дайындалатыны жасырын емес.

Елімізде соңғы бірер жылдың ішінде саяси климат әжептәуір өзгерді. Бар мақсаты билікті «ұлықтаудан» әрі аспайтын саяси технологтар мен мемлекеттік БАҚ­-тың өзі жаңғыра бастады. Мәселенки, «Qazagstan» ұлттық арнасының эфирінен саяси оппозиция өкілдеріне орын берілді: Әміржан Қосанов, Мұхтар Тайжан, Ермұрат Бапи т.б. Бұрынырақта оларды эфирге шақырмақ түгілі, атын атаудан қорқатын-тұғын. Ал,   «Азаттық» радиосының журналистері мен «Жаңаөзен» оқиғасының басы-қасында жүрген азаматтарды ресми ақпарат құралдарынан көретін болдық. Қуантарлық жайт.

Осының бәрі Марат Тәжиннің Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметіне тағайындалғалы орын алған оқиғалар. Бейнелей айтсақ, жоғары билік арбитражының кей «бұрандалары» босағандай көрінеді.  Байқағанымыз, Тәжинің саяси технология саласында әбден машықтанып, ысылғаны байқалады. ҚР Мемлекеттік хатшысы кезінде «Мәңгілік Ел» идеясын көтеріп, елді бір серпілтіп тастаған  М. Тәжин мемлекетшіл азамат әрі   Президенттің ең сенімді серіктерінің бірі екенін ісімен де, сөзімен де дәлелдеумен келеді. Марат Тәжин осы күндері  қазақ қоғамындағы белсенді, пікірлі азаматтармен байланыс орнату ісіне де жауапты міндет арқалап, саяси бітімгер рөлін атқарып жүргенге ұқсайды. Қысқасынан қайырсақ, Тәжин -  бүгінгі саяси жүйдегі таза адам. Бұндай мемлекетшіл тұлғаны ел ішінің біле жүргені абзал.

Құрманәлі Қалмахан,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, тарих магистрі

Abai.kz

 

 

 

 

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502