Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2132 0 пікір 7 Маусым, 2009 сағат 19:11

Әли ОМАР. Әділетсіздік әйелдерді атқа қондырды

Астананың жемқорлыққа қарсы сілтеген «он соққысына» ілініп, ел аман, жұрт тынышта қылмыскер атанған «Қазатомөнеркәсібі» компаниясының экс-басшысы Мұхтар Жәкішевтің анасы мен әйелі және қамауға алынған басқа да сегіз азаматтың жұбайлары үстіміздегі дүйсенбіде Алматыда баспасөз өкілдерінің басын қосып, «ҰҚК тарапынан қозғалып жатқан заңсыз әрекеттерге» тоқтау болуды сұрап Президентке ашық хат жолдады.
«Осы уақытқа дейін ұлыммен бір ауыз тілдесе алмадым. Жұбайы мен үйіндегі 5 баласы да не істерін білмей отыр. Газеттерді оқысақ, сонау 37-ші жылдағы қуғын-сүргін басталды деп жазады. Өткен жылы ғана «Құрмет» белгісін алған адам, енді бүгін қылмыскерге айналғандай. Не істерімізді білмейміз. Мемлекет басшысы да демалысқа кетіпті. Білесіздер ме, ұмытпасам бұған дейін осындай жағдай болған. Біреуді ұстаған кезде Президент тағы да елден кетіп қалған-тын», - деп егіледі Мұхтардың анасы Раиса Жәкішева.
Құдай қосқан қосағының қазіргі жағдайынан бейхабар Жәмила Жәкішева да арнаулы қызмет тобы жасаған «арнайы» операцияға күдікпен қарайды. Ханымның айтуынша, ұлттық атом компаниясы жетекшілерін ҰҚК адамдары жасырын бір жерде күшпен қамап ұстап отыр.  

«Қазатомпромда» барлық келісімдер жайдан-жай жасалмайды. Ол үкіметте мақұлданып, энергетика министрлігінде қатталып, оған премьер-министр мен мемлекет басшысының қолы қойылады. Барлық келісімдер мемлекетаралық деңгейде атқарылады. Олардың жабық түрде жасалуы мүмкін емес. Бұған қоса халықаралық ұйымдар келісімнің заңдылығын және дұрыстығын тексереді. Сондықтан бұл істі жабық түрде жүргізу шындыққа сыймайды. Мұның бәрі біздің күйеулерімізді жалған қаралау. Егер нақты бұлтартпас деректері болса неге ашық жарияламайды?» - дейді Жәмила Жәкішева.
Қамауда отырған вице-президенттердің бірі Малхаз Цоцорияның әйелі Марийканың пікіріне құлақ түрсек, қылмыстық істің жариясыз, «құпия» жүргізілуі, біліктілігі жоғары қорғаушы мамандардың көмегіне жүгінуге кедергі келтірген.
«Біз күйеулерімізге заңдық тұрғыда сапалы көмек көрсете алатын қорғаушыларды шақыра алмаймыз. ҰҚК тарапынан ұсынылған қорғаушылардың қызметін ғана пайдалануға мәжбүрміз. Себебі, іс жабық түрде қаралып жатыр», - деп күйінген ол, күйеуі мен өзге қызметтестерін Мұхтар Жәкішевке қарсы куәгерлік жасауға мәжбүрлегендігіне еш шүбә келтірмейді.
Сондай-ақ, Цоцория ханым бір сөзінде арнаулы қызмет орындары жіберген қорғаушымен кездесіп, Малхаздың басқа әріптестерімен бірге жасырын пәтерде қамалып отыр деген хабарды естігендігін айтты. Ханымның сөзінше, кездесу барысында әлгі қорғаушыңыз беті бүлк етпестен 20 мың доллар ақша талап еткен көрінеді. Күйеуінің күрмеуі қиын мәселесін шешіп беру үшін, әрине. Біздің білуімізше, мұндай іске бекітілген қорғаушылар мемлекет қоржынынан қаржыландырылуы тиіс-тін.
«Өткен аптада ҰҚК бекіткен қорғаушы менімен кездесіп, қылмыс құрамының болмауына байланысты күйеуімді шұғыл-тергеу тобының басшысы Шайкеннің бұйрығымен уақытша тергеу изоляторынан босатқандығын айтты. Менің ойымша, «Қазатомпромның» өзге вице-президенттерімен де солай жасаған болуы керек», - деп түсіндіреді өз пікіріні Цоцория ханым.
Осы жерде айтпауға болмайтын және бір жайт, қорғаушыға қатысты әңгіме. Еліміздің Ата Заңына сәйкес, басына іс түскен әрбір айыпталушы өзінің құқын қорғайтын қорғаушыны таңдауға құқылы делінген.
Бұл турасында қорғаушы Данияр Қанафинннің уәжі мынадай: «Мемлекеттік құпия саналатын қылмыстық іске қорғаушыларды қатыстыру жағдайы, өкінішке орай, күрделеніп кеткен. Сондықтан елдегі көпшілік адвокаттар мұндай іске қатыса алмайды. Осы түйткілге сәйкес дәл қазір айыпталушылардың туыстары шақыртқан қорғаушылар іске араласа алмауда. Алайда, аталмыш тәжірибе қылмыстық істі әділетті жүргізу туралы Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне ғана емес, сонымен бірге қолданыстағы қылмыстық-процессуалды заңнамаларға да қарама-қайшы келеді. Меніңше, бұл адамдар, оның ішінде Жәкішев мырза кәсіби білікті және ең бастысы қылмыстық істі жүргізуші орындардан тәуелсіз қорғаушыны таңдау құқын пайдалана алмады».     
Журналистермен болған кездесу үстінде Австриядағы адам ұрлағыш күйеудің «Қазатомпром» компаниясының бұрынғы басшысымен арада қатысы бар-жоғы айтылды. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін үлкен үйдің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев Интернет бетіндегі Жәкішевті саяси қуғындалушы, әрі өзінің досы ретінде көрсеткен. Алайда, мұндай мәліметтің шындыққа томпақ келетіндігін ескерткен Жәмила ханым: «Жалған сөз. Менің күйеуімнің экс-елші Рахатпен туыстық та, басқа да ешқандай байланысы жоқ», - деп қысқа қайырды.
Қалай дегенмен де жақын адамдары үшін жанын салып күресуге бекінген әйел азаматтардың арыны күшті. Егер Президент НАЗРБАЕВ өзінің атына жолданған хатқа мән бермей, «Қазатомпром» төңірегінде туындаған байбаламды елеусіз қалдыратын болса, олар көмекке халықаралық ұйымдарды шақырмақ. Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төріне отыруға ыңғайланып жатқан біздерге бөтен әңгіменің еш керегі жоқ.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543