Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2599 0 пікір 7 Маусым, 2009 сағат 19:25

Тегін кинотеатр ашылды

Атам қазақ: «Жетім көрсең жебей жүр» деп тегіннен тегін айтпаса керек. Хақ Тағалам да: «Жетімнің малы мен еңбегін жеу ең ауыр күнә» деген екен. Заман өзгерді ме, әлде адамның пиғылынан ба, қазіргі кезде бұл айтылғандарды жадында ұстап, жетімін жебеп жүргендерді жиі кездестіре бермейміз. Керісінше, көздерін жәутеңдетіп бүлдіршіндерді шет ел сатып, түн ұйқымыз тыныш өмір сүрудеміз.

Байқасаңыз қазір елде не көп, жетімдер үйі мен тастанды балалар үйі көп. Осыған қарап, сорлы қазақ, балапанын тастап кететін көкек екеш көкектен де асып түстің бе деп қынжыласың. Оған қоса, мүгедек, көмекке зәру балалар да жетіп артылады. Жыл сайын билік тарапынан 1-ші маусым – балалар күніне орайластырып әйтеуір бір шара ұйымдастырған болады. Артынан бәрі ұмытылады, келесі маусымға дейін... Десе де, жүрегінде иманы бар азаматтар жетім, мүгедек балаларға қолдарынан келгенше көмек көрсетіп жүргенін естіп, мәлімет іздедік. Солардың бірі - Сергей Попов. Ол  жақында Алматыда жетім, мүгедек, көмекке зәру балаларға демеу жасап, тегін кинотеатр ашқан болатын. Жұмыс істеп жатқандарына көп бола қоймаса да, 30 орындық шағын зал көрерменге қашанда лық толады. Қорында 12 жарым мың фильмі бар шағын кинотеатрдың алғашқы көрермендері болған «Долговый» балалар үйінің тәрбиеленушілері бұл күнді асыға күтіпті.

Жұмыс істеп жатқанына екі айдан астам уақыт өтсе де, тегін кинотеатрдың салтанатты ашылу рәсімі 1-маусым – Балаларды қорғау күніне орайластырылған. Кезінде Сергейдің өзі де мүгедек баласын емдетуге қаржы таппай, қатты қиналыпты. Мүгедек балалары бар ата-аналарды жақсы түсінетін Сергей, біраз жылдан бері қолынан келгенін істеп, барын аяйтын емес. Айтуына қарағанда, кинозалды жасау үшін 15 мың доллар көлемінде қаржы жұмсалыпты. Ал, алдағы екі аптада қайырымдылықтан жиналған қаржы «Долговый жетімдер үйіне» берілмек. Одан кейін де, мүгедек баласы бар басқа да отбасыларға көмек көрсетілмек. Таңертеңгі сағат оннан жұмысын бастайтын кинозалда, кешкі сағат сегізге дейін көрермендер талғамына қарай әртүрлі фильмдер көрсетіліп жатады. Ал, сәрсенбіден бастап әр көрсетілімнің алдында СПИД пен нашақорлық қаупі, жол жүру ережелері туралы он минуттық бейнероликтер көрсетілмек. Көрерменге ұсынылатын фильмдердің дені классикалық негізде. Бұл жайында Сергей Поповтың өзі: «Атыс-шабыс, триллер жанрындағы фильмдерді мейлінше аз көрсетуге тырысамыз», - дейді. Кинотеатрдың тұрақты көрермендері мектеп оқушылары мен балалар үйінің тәрбиеленушілері болмақ.

«Аялы алақан» қайырымдылық қоры құрылды

1-ші маусым – Балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық қалаларында мерекелік шаралар ұйымдастырылып, ел іші бүлдіршіндерге күлкі, қуаныш сыйлауға тырысып жатты. Ойлап қарасақ, бұл, тек бір күндік қызық қана. Ертесіне бәрі ұмыт болып, бәз баяғы қалыпқа түседі. Елімізде қаншама жетім, мүгедек балалар бар. Олардың бәріне бірдей көмек көрсету, әрине, оңай шаруа емес. Дегенмен, солардың бірегейіне көмектесіп, бірінің жүрегіне үміт отын жағып, енді бірін өмірге қайта әкеліп жатқан «Аялы алақан» бағдарламасы жайында газетіміздің алдыңғы сандарында жазған болатынбыз.
Жақында «Аялы алақан» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі Бибігүл Дәулетбекқызы «Аялы алақан» атты қайырымдылық қорын құрған болатын. Қордың негізгі мақсаты да айқын. Жетім, мүгедек, тағдыр тәлкегіне түскен балаларға көмек қолын созу. 1-ші маусым – Балаларды қорғау күніне орай «Аялы алақан» қайырымдылық қоры Алматыдағы Республика сарайында алғашқы концертік қойылымын ұйымдастырды. Аталған концертке осы уақықта дейін «Аялы алақан» бағдарламасынан көрсетілген кейіпкерлер келіп, бағдарлама мен оның жүргізушісі Бибігүл Дәулетбекқызына алғыс айтып жатты.
Бүлдіршіндерді құттықтауға еліміздің танымал өнер жұлдыздары да келіпті. Олар концерке жиылған жұртқа әннен шашу шашып, көрермен қауымды өнерлерімен сусындатты. Ал, осы бағдарламаның арқасында дүниеге «қайта келген» жандар көздеріне еріксіз жас алды.
«Аялы алақан» бағдарламасының кейіпкерлері ішінен жұлдызға айналған мүгедек қыз Зарета да концертке арнайы келіп, жүрекжарды сөздерін айтып жатты. Ал, жетім қалған 4 жасар Айбек Атыраудан асырап алған ата-анасымен бірге арнайы келіп, көпшілікке батасын оқып берді. Саусақтарынан айрылып, өмірдің тауқыметін көп тартқан Қуандық та анасымен, келіншегімен келіп, көпшілік алдында өмірге қайта әкелген «Аялы алақанның» ұжымына, көмек қолын созған абзал азаматтарға шексіз алғысын жаудырды. «МузАрт» тобымен бір сахнада ән салуды армандайтын оның бұл күні сол арманы орындалды да. Ал, «МузАрттың» жігіттері өз кезектерінде: «Алдағы уақытта Қуандыққа өнер жолында барынша көмектесетін боламыз. «МузАрт» продюсерлік орталығында Қуандықтың әндері жазылады», - деп уәде берді.
Концерт барысында, бағдарламадан көрсетілген көмекке зәру балалар туралы сюжеттер де көрермен назарына қайта ұсынылды. Бағдарлама авторы, көмекке мұқтаж болып отырған балалардың өмірден үміттерін үзбей, иманды азаматтардан әлі де көмек күтетіндерін айтады. Экраннан тепсе темір үзер еңгезердей жігіттің қабырға жағалап жүргенін көргенде, залда отырған дүйім жұрт көздеріне жас алды. Кішкене кезінде балалықпен химиялық заттың әсерінен жанарынан айрылған жас жігіт бүгінде қатты қиналуда. Анасына масыл болғанына жаны ауыратын жігіттің бар арманы – жарық дүниені өз көзімен көріп, анасына қорған, пана болу. Он саусағынан өнер тамған ол, ән айтқанды жақсы көреді екен. Ол да жаны жайсаң азаматтардан көмек күтеді... Екі жарым сағатқа созылған концерттен көпшілік бірде күліп, енді бірде көзіне жас алып, толқумен қайтты. Мүгедек балаларды көріп, тәубесіне келіп, Аллаға салауат айтып тарасып жатқандары да жоқ емес. Бес күндік қысқа ғұмырда, біздің көмекке зәру жандарға қол созып, сауапты іс жасауға асығайық, ағайын!

Әзірлеген Мақпал ЫСҚАҚ, «Қазастан апталығы»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543