Сот Қорғаныс министрлігінің Мейірманов пен Шейнкманнан Т14 млрд өндіріп беру туралы арызын қанағаттандырды (толықтыру)
Астана. 13 желтоқсан. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. Ақмола гарнизонының әскери соты қорғаныс министрлігінің қорғаныс вице-министрі Қажымұрат Мейірмановтан, израильдік бизнесмен Борис Шейнкманнан, ҚР ҚК зымыран әскерлері және артиллерия қолбасшысының міндеттерін атқарған Еділ Жартыновтан 14 млрд 257 млн 681 мың 670 теңге өндіріп беру туралы арызын қанағаттандырды, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі сот залынан.
«Әскери сот қорғаныс минитсрлігінің арыз-талабын қанағаттандырып, мемлекеттің пайдасына Мейірмановтан, Шейкманнан және Жартыновтан 14 млрд 257 млн 681 мың 670 теңге және 427 млн 730 мың 450 теңге мемлекеттік салық өндіріп алу туралы шешім шығарды», - деп мәлім етті азаматтық іс бойынша төрағалық етуші судья Мағауйя Елемесов дүйсенбі күні үкімді жариялай отырып.
Сот қаулысына сәйкес, сотталғандардың қорғаушылары шешім шығарылғаннан кейін 15 күннің ішінде бұл шешімге қарсы шағым түсіре алады.
Қалған 20 сотталушыдан жа материалдық шығын өндіріп алынады.
Қ. Мейірмановтың адвокаты Мұстахим Түлеевтің айтуынша, оның қорғауындағы азаматтың сот шешімімен келіспесе, жоғарыда тұрған инстанцияларға, Жоғарғы сотқа шағымдана алады. Сондай-ақ, адвокатосындай шешімді «болжап, күткендерін» атап өтті.

«Сот азаматтық-процессуалдық кодекстің 71 бабында және қылмыстық-процессуалдық кодекстің 132 бабында қарастырылған ережелер мен процедураларға байланып қалған. Аталған баптарға сәйкес, айыптаушы үкім шығарылса, адам алдын ала кінәлі (бұл жағдайда мемлекетке материалдық шығын келтіргені үшін)», - деді М. Түлеев.
Сонымен бірге, ол сот орындаушылары сотталғандарда мемлекеттік алдындағы қарызды өтеуге жеткілікті ақшасы жоқ деген қорытындыға келеді, яғни орындаушылық өндіріс тоқтатылуы мүмкін. Өз кезегінде Израиль жағы қандай да бір наразылықтардан босатылады.
«Бұл жағдайда Қазақстанның қорғаныс министрлігі және біздің мемлекетіміз рестутиция ережелерін жүзеге асыру үшін құқықтық негіздемеден автоматты түрде айырылады.
Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың ақпан айында әскери сот Қ. Мейірмановты жемқорлық қылмыстар жасағаны, билікті теріс мақсатта пайдаланғаны, пара алғаны және қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін мүлкін тәркілеумен 11 жылға бас бостандығынан айыруға кесті.
Хабарламаға сәйкес, әскери судья армия генералына үкім шығару барысында ел президентіне Қ. Мейірмановты әскери атағынан және мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыным енгізді.
Израиль азаматы Б. Шейнкманға да алаяқтық пен пара бергені үшін осындай үкім шығарылды.
Аталған адамдармен бірге билікті теріс мақсатта пайдаланғаны және қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін полковник Е. Жартынов 7 жылға бас бостандығынан және әскери атағынан айырылды.