Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2717 0 пікір 13 Желтоқсан, 2010 сағат 08:38

Қайсар қызы сен қазақтың!

«... Менің түсінігімше, ер адамдар тұрмақ, аң екеш аңдар да ұрғашысына мүйіз, я болмаса тұяғын көтермейді. Ал біз бәріміз аң емес, адамзаттың ұлы - адамбыз, сондықтан, ер адам әйел затына қол көтеріп, қол жұмсауға тиіс емес, әуелі еш парвосы жоқ» деп жазады Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков өзінің түрмеден елге аманат етіп айтқан сөздерінің бірінде. Дәл сол күнге дейін қазақ қоғамына әйел теңдігін әперген Советтер Одағы болып дәріптеліп келген еді.  Бәрі де өтірік екен. Бәрі де отардағы елді тұқыртып, тұзақтап ұстаудың амалы екен. Шындықтың беті ашылды.  Бірақ, біз Тәуелсіз мемлекетімізде өмір сүре отырып Желтоқсан ақиқатын жете танып біттік дей аламыз ба? Бұл көтеріліс әлі де зерттелуі керек, бүгінгі жас ұрпақтың рухымен үндесіп қатар өмір сүруі керек. Тіпті, нағыз азат ойлы буын өз дәуірінің биігіне көтеріліп, ұлт қызметіне жарағанша, біздің Желтоқсан туралы әжік-гүжік әңгімелермен шектелуіміз де ықтимал.  Алайда, қазақтың сол кездегі намысы мен болашағының тағдыры қатар сын тезінде тұрған күндерді терең ұғуға деген талпынысты тежеу енді мүмкін емес. Осы ретпен баяндар болсақ, журналист, публицсит, жазушы Болатбек Төлепбергеннің еңбегі - ерекеше аталуға тиіс еңбек. Ол соңғы жылдар ширегінде Желтоқсан жұмбағын шешуге барынаша ден қойып жүрген қаламгер.

«... Менің түсінігімше, ер адамдар тұрмақ, аң екеш аңдар да ұрғашысына мүйіз, я болмаса тұяғын көтермейді. Ал біз бәріміз аң емес, адамзаттың ұлы - адамбыз, сондықтан, ер адам әйел затына қол көтеріп, қол жұмсауға тиіс емес, әуелі еш парвосы жоқ» деп жазады Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков өзінің түрмеден елге аманат етіп айтқан сөздерінің бірінде. Дәл сол күнге дейін қазақ қоғамына әйел теңдігін әперген Советтер Одағы болып дәріптеліп келген еді.  Бәрі де өтірік екен. Бәрі де отардағы елді тұқыртып, тұзақтап ұстаудың амалы екен. Шындықтың беті ашылды.  Бірақ, біз Тәуелсіз мемлекетімізде өмір сүре отырып Желтоқсан ақиқатын жете танып біттік дей аламыз ба? Бұл көтеріліс әлі де зерттелуі керек, бүгінгі жас ұрпақтың рухымен үндесіп қатар өмір сүруі керек. Тіпті, нағыз азат ойлы буын өз дәуірінің биігіне көтеріліп, ұлт қызметіне жарағанша, біздің Желтоқсан туралы әжік-гүжік әңгімелермен шектелуіміз де ықтимал.  Алайда, қазақтың сол кездегі намысы мен болашағының тағдыры қатар сын тезінде тұрған күндерді терең ұғуға деген талпынысты тежеу енді мүмкін емес. Осы ретпен баяндар болсақ, журналист, публицсит, жазушы Болатбек Төлепбергеннің еңбегі - ерекеше аталуға тиіс еңбек. Ол соңғы жылдар ширегінде Желтоқсан жұмбағын шешуге барынаша ден қойып жүрген қаламгер. Төменде Болатбек Төлепберген мырзаның   «Желтоқсан қарлығаштары» атты кітабынан Желтоқсан көтерілісі кезінде дүниеден озған, сотталған, жаны мен тәні қатар жараланған қазақтың қайсар қыздары мен, жастардың буырқанған ашу ызасын бек түсініп қолдаған, сонысы үшін қызметінен қатаң ескерту алып қудаланған адамдардың тізімін беріп отырмыз. Тізімде сондай-ақ, Желтоқсандағы аруларды тергеген, сот үкімін шығарған заң қызметкерлерінің аты-жөндері де көрсетілген.  Қараңыз, оқыңыз, қолыңызда бар деректермен тізімді толықтыра түсңіз. Үн қатыңыз.

 

«Абай-ақпарат»


Тізімінің толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570