Бұл - қарапайым мәдениеттілік
Таңертең таксиде болған әңгімеден үзінді.
Ол: Мешітті көптеп салу керек.
Мен: Мектеп пен балабақша көбірек керек.
Ол: Осылай жүрген жерде жастарды имандылыққа шақыру керек
Мен: Жастарға әлеуметтік жағдай жасап, жұмыс тауып беріп, өсуіне негіз жасау маңызды.
Ол: Сауап жинап, жұмаққа баруға талпынуымыз қажет.
Мен: Өлімді емес, өмірге құштарлықты насихаттап, адамдарға жақсылық жасасақ жақсы емес пе!
Ол: Сен сияқтылар жастарды азғырады.
Мен: Мұсылман көркем мінезді, сабырлы әрі төзімді болу керектігі қасиетті кітапта айтылады ғой. Бұл - қарапайым мәдениеттілік.
Өміржан Әбдіхалық
Facebook-тегі парақшасынан