Нұра Матай. Мемлекеттік айтыс өтіп жатыр
Иә, сонымен дала демократиясының айрықша үлгісі болып келген әрі халықтың көңілінде жүрген көп ойды өлең, жырмен өрнектейтін сонысымен елдің мейірін қандыратын айтыста мемлекеттің меншігіне айналды. Басына ноқта, жүген түсіп ауыздықталды. Өйткені, елді билеп отырған қазақ билігі - «атымның сыры өзіме мәлім» дегендей оның қамқорына өткен өнердің халі айтпаса да аянышты болатыны анық.
Билік әуелі айтыстың теледидар арқылы елге жетуінің желкесін қиды. Онсызда күнделікті жаңалықтың өзін жоғарының қаһарына ұшырап қалмас үшін ішкі цензурасынан аямай өткізетін мемлекеттік арналар айтқанды екі етпеді.
Содан Қанат Саудабаев «Айтыс байқауы жыл бойы аудандар мен облыстарда өтіп, қортынды айтыс тәуелсіздік күніне орай Астанада өтеді» деп айтыстың «концепциясын» және «стратегиялық» жоспарын жасап берген еді.
Енді, Саудабаевтің сара жолына түскен айтыстың қортынды додасы Астанада өтіп жатыр. Айтысты тамашалаған астаналықтар «Байғұс айтыскерлерді тұсап қойыпты. Көрдік. Көңіліміз қалды» деп жатыр. Бәлкім мемлекеттік айтысты ұнатып қалғандар да бар шығар...

Биліктің айтысқа ауыз салуына кезінде жорамал көп айтылды. Соның жиі және сенімдірек сөз болғаны «Айтыстағы сөз еркіндігі билікке ұнамайды екен» деп келетін нұсқасы. Расында да баяғы еркін айтыс биліктің бас терісін қаптап, елдің көңілінен шықпаған теріс істері мен ұлтқа шет дүниелерін аймандай ғылып айтатын еді. Енді, ол айтыста тарихқа айналды.
Және баяғы бостан айтыстың демеушілері болып танылған Ермегияов пен Сәрсеновтер де тарихқа кетті. Ендігі айтыстың демеушісі «Самұрық-қазына».
Өткенде осы мемлекеттік айтыстың жүйесі аясында Алматыда қалалық ақындар айтысы өткен еді. Сонда ақындар «Айтысқа мемлекеттің көңіл бөлуі дұрыс» дескен. Қайтсін енді...
Сол қалалық айтыстың әділқазылар алқасының құрамында қалалық әкімшіліктің үш бірдей шенеунігі болғанын жұрт көріп күңкілдесіп қайтқан. Қалалық айтысы мынандай болғанда, мемлекеттік айтыстың Астанадағы қортынды бәйгесін ойлай беріңіз...
«Абай-ақпарат»