Ақберен Елгезек. Интернет орманының Робин Гуды
Адамзат әлемі көп жағдайда алуан түрлі саяси оқиғалардың нәтижесінде немесе пенде ішіндегі періштені селк еткізер өнер туындылары көктен түскенде өзгеріске ұшырап жатады. Ал, кейде бір ғана адамның қайсарлығы мен табандылығы тарихтың бағытын мүлде басқа арнаға бұрып жібере алады екен. «Кімде кім ақпаратқа иелік етсе, сол әлемді билейді» деген қанатты сөз бар. «Әр адам ақпарат алуға құқылы» деген ұстаныммен өмір сүретін және осы мақсаттың орындалуына жалықпай қызмет ететін адам шынымен де қоғам тынысын жиілетуге құдыретті. Сондай адам өмірде бар екеніне біздің көзіміз жетіп отыр. Бүгін адам баласының назары - Джулиан Ассанжта.
Австралияда дүниеге келіп, жастайынан компьютерлік бағдарламаларды жасауымен айналысқан Джуллиан Ассанжтың тағдыры шынымен шырғалаңға толы һәм қызықты. Wikileaks.com сайтының негізін қалаушы және бас редакторы Д.Ассанж үстіміздегі жылдың 7 желтоқсанда әйел зорлады деген айыппен Швецияда қамауға алынды. Көзі ашық оқырмандарымыз швед билігінің бұл шешімінен саяси астар көріп отырғандығында күмәнәміз жоқ.
Даудың басы америкалық ала сиырдан басталды. Қысқаша анықтама бере кетейік.

Құпия ақпаратты сақтау мен қорғау жағынан бүгін Америка Құрама Штаттарына жететін мемлекет кемде кем. Әсіресе, әскери ақпаратты жасыру жағынан. Үстіміздегі жылдың 26 шілдесінде әлемге ақыл үйретуге құштар алпауыт АҚШ-тың масқарасы шықты. Барак Обаманың әкімшілігі мыңдаған құпия файлдардың бұқаралық ақпарат құралдарына кетіп қалуын ұлттық қауіпсіздікке жасалған үлкен соққы деп бағалады. Буштың қателіктерін көрсету үшін мүмкін оны Барактың өзі істетіп отырған шығар, ол жағы белгісіз, оны Тарих көкем шешсін.
Әңгіме Wikileaks сайтында жарияланып, британдық Guardian, америкалық New York Times және неміс журналы Spiegel секілді дүниежүзінің ең беделді басылымдарында жарық көрген Ауғанстандағы жағдайға байланысты ақпарат туралы болып отыр. Wikileaks сайты арқылы алынған файлдардан құралған ақпаратта коалиция күштері Ауғанстандағы соғыста күйреуге ұшырап, әскерилер жүздеген бейбіт тұрғындарды қыруға көшкендігі жайлы, НАТО-ның күдігі бойынша Пакистан мен Иран тәлібтерге жасырын түрде көмек көрсете бастағаны туралы, жалпы бұл әскери кампания өз-өзін ешқандай ақтамағандығы жөнінде көңілсіз саяси сюжеттер түзілген екен. Ақ үйдің иелері сайт басшылығын мұндай ақпаратты таратқаны үшін қатты сынға алды. Ал, сайт басшылығы бұл құпия файлдарды кімнен алғанын әлі күнге дейін айтпай отыр.
Үш ай өтісімен аталған сайт Ирактағы соғысқа қатысты 400 мыңға жуық құжаттың көшірмесін жариялады. Сайт редакциясы бұл құжаттар 391 832 әскери есептен тұрады деп түсініктеме берген. Бұл әскери есептер «Ирак ісі» деп аталып кеткен ақпарат жиынтығы 2009 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанға дейінгі аралықтағы кезеңді құрайды екен. АҚШ басшылығы құпия файлдарды сайтқа беруі мүмкін деген күдікпен барлау басқармасының қызметкері Брэлди Меннингті айыптап отыр.
Кезекті ақпарат легі 2010 жылдың қараша айында интернет кеңістігіне сапар шекті. Джуллиан Ассанжтың сайты бұл жолы АҚШ дипломаттарының 250 мың хатын жариялады. Бұл хаттардың ең өзектісі ең мұсылманшыл, ең иманды деп есептелетін Сауд Арабиясының көсемдерінің хаттары екен. Басына шалма киіп, өзге елді мейірімділік пен момындыққа шақырудан жалықпайтын Сауд Арабия басшылығы АҚШ-тан Иран қалаларына әуеден бомбалар тастауға шақырғаны белгілі болып отыр. Сонымен қатар Иран басшылығының психопортреттері мен АҚШ-қа қызықты болуы мүмкін деген ниетпен стратегиялық объектілердің тізімін қоса тіркеп жіберіпті. Бүгін осындай маңызды ақпарат Джуллиан Ассанжтың арқасында әлемге жария етіліп отыр.
Джуллиан Ассанж. Қызықты типаж. Жастайынан андеграундық (подполье) қоғамның мүшесі болған. Әр кезде берген сұхбаттарында қай жылы туғанын да айтпайтын Джуллиан, тегімде ата-анамнан қалған әділетсіздік атаулысына қарсылық қасиетім бар дейді. Ұшарын жел, қонарын сай білетін Джуллианның бар байлығы арқасындағы рюкзагындағы қуатты десктоп (компьютер) мен киім-кешегі. Әлемнің әр жерінде әр кезде пайда болып, адамзат білуі тиіс ақпаратты сайтында жариялап, саясаткерлердің мазасын алып жүрген Робин Гуд. Теориялық математика мен физиканы оқыған. Терең талдауды қажет етпейтін физикалық құбылыстар мен қарапайым сандар қосындысына үйір Ассанж ғылымдағы жолы сәтсіз аяқталған соң, ол адам баласынан жасырылып, тек шешім қабылдайтын белгілі бір топқа ғана белгілі ақпаратты тауып алып, қалың бұқараға таратып тұруға бел буады. Wikileaks сайтының негізін қалағанмен, бұл сайт адамзаттікі деп жариялап, өзін сол порталға бас редакторы лауазымын ғана көтеріп жүрген барлық ұлттардың қызметкерімін деп есептейді. Мұндай адамның болғаны - адамзатты жариялылыққа, еркіндікке тәрбиелейді. Қазақ интернет-кеңістігі де Джуллиан Ассанжты қолдап жатқан мемлекеттер мен мыңдаған адамдарға қосылу керек де білеміз. Себебі, мемлекеттің қоғамды жаппай бақылауынан бізді тек интернет қана құтқара алады.
P.S.
Кез келген елдің мемлекеттік құпиясы болуы заңды да қажет дүние. Мемлекеттің қылмысы анық болып, әшкереленбесе, қоғамның соры. Ал, біздің сүйікті басшыларымыз бізден нені жасырып жүр екен...
«Абай-ақпарат»