Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2809 0 пікір 14 Желтоқсан, 2010 сағат 22:17

Бейбіт Сапаралы: «Қазіргі мүфти орнымда қалсам деп армандап жүргені рас»

ҚМДБ құрылтайының қарсаңында

Қазақстан мұсылмандарының кезекті  5-нші съезі Астанада, 17-нші желтоқсанда өтетінін «Абай.кз» ақпараттық порталы алдымен хабарлаған болар. Елдегі діни ахуал екінің бірін алаңдатып отырған қазіргі жағдайда съезде көтерілетін, талқыға түсетін мәселелердің қоғам үшін де, билік үшін де маңызды екені анық. Сондықтанда, Қазақстан мұсылмандарының съезіне дейін елдегі бірнеше дінтанушы азаматтармен съезд төңірегіндегі қысқа сұхбаттар жариялап отырғанды жөн көрдік.

Алғашқы болып дінтанушы, ғалым, жазушы Бейбіт Сапаралы мырза өз ойларын ортаға салды.

- Сіз Астанада 17 сы күні өтетін мұсылмандар съезіне қатысасыз ба?

- Жоқ, мен қатыспаймын оған.

-  Неліктен қатыспайсыз? Онда қандай мәселелер талқыланғанын қалайсыз? Өзіңіз қандай мәселе көтерер едіңіз?

ҚМДБ құрылтайының қарсаңында

Қазақстан мұсылмандарының кезекті  5-нші съезі Астанада, 17-нші желтоқсанда өтетінін «Абай.кз» ақпараттық порталы алдымен хабарлаған болар. Елдегі діни ахуал екінің бірін алаңдатып отырған қазіргі жағдайда съезде көтерілетін, талқыға түсетін мәселелердің қоғам үшін де, билік үшін де маңызды екені анық. Сондықтанда, Қазақстан мұсылмандарының съезіне дейін елдегі бірнеше дінтанушы азаматтармен съезд төңірегіндегі қысқа сұхбаттар жариялап отырғанды жөн көрдік.

Алғашқы болып дінтанушы, ғалым, жазушы Бейбіт Сапаралы мырза өз ойларын ортаға салды.

- Сіз Астанада 17 сы күні өтетін мұсылмандар съезіне қатысасыз ба?

- Жоқ, мен қатыспаймын оған.

-  Неліктен қатыспайсыз? Онда қандай мәселелер талқыланғанын қалайсыз? Өзіңіз қандай мәселе көтерер едіңіз?

- Қазақстан мұсылмандарының ең алғашқы бірінші, екінші құрылтайына қатысқанмын. 1990-1992-нші жылдары. Ол кезде журналист болдық. «Заман-Қазақстан» газетінің атынан қатысып, әлгі аталып өткен құрылтайларды көргенмін. Одан кейінгі 2000-2005-нші жылдардағы құрылтайларға қатысқан жоқпын. Құрылтайға шақыру керек қой. Ғалым, дінтанушы, жазушы ретінде барып қатысуымыз керек еді. Өйткені, еліміздегі діни ахуалға қатысты мәселелерді қозғап, айтып жүрміз. Бірақ, шақырмаған соң өз бетіңмен барып қатыса алмайсың. Сондықтан, 2000 жылы Алматыда, 2005 жылы Астанада өткен құрылтайларға да шақырылмағандықтан барып қатыса алған жоқпыз. Бұл жолғы құрылтай жабық, жасырын жағдайда өткелі жатыр. Әр облыстан жеті-сегізден ғана имам шақырылған көрінеді.

Қазақстанда 11 миллионнан астам мұсылман бар екен. Бұл - Қазақстан мұсылмандар басқармасының есебінде де, кешегі санақта да жария болған нақты дерек.  Сол 11 миллион мұсылманның белгілі бір көлемдегі пайызы құрылытайға қатысуы керек еді. Барлығы әрине, қатыса алмайды. Тек қана имамдар емес, дін исламға жанашыр, сол жолда пікір айтатын адамдар да құрылтайға  қатысса құп болар еді. Құрылтай деген көп болып жиналып діни мәселені талқылау ғой. Елдегі ахуал, соған ой қосу, пікір қосу, соның шешілу жолдарын ортақтасып іздеу. Шақырылмаған соң біз қатыспаймыз.

-  Неге шақырмады деп ойлайсыз?

- Бізді шақырмағаны себебі - діни басқарманың  саясатында жатыр. Мүфти бар, оның орынбасарлары, алқасы бар. Кейінгі он жыл қазіргі мүфтидің қызметі болып табылады ғой. Осы кезеңге байланысты қаншама сындар айтылды. Ол кісілер  сыннан қорқады. Жай уақыттың өзінде мүфтияттың өкілдері ашық, үлкен мәселе талқыланып жатқан жиындарға қатыспайды. Сондықтан, үлкен мәселелерді талқылаудан қорқады деп ойлаймын. Әуелі Алладан қорқу керек. Біздің қоғамдағы діни мәселе бәрімізге ортақ қой. Онда діни басқарманың үлесі де, кемшілігі де бар.

Құрылтайға шамасы, Астанада намаз оқымайтын академиксымақ, философсымақ азын-аулақ адамдар қатысатын болуы керек. Ол жағын білмеймін. Хабарым жоқ.  Құрылтай  әр облыстан жеті-сегізден имам келіп, жабық жағдайда өтеді деп ойлаймын. Мұны нағыз құрылтай деп айтуға келмейді. Бұрынғы құрылтай  2005-нші жылы жаз айында, шілде де ме,  болды. Биылғы құрылтай сол шілдеге дейін өту керек еді, одан бері де бес-алты ай өтіп кетті. Заң жағынан да бұл үлкен мәселелер.  Жалпы құрылтай жұртқа жарияланып, осындай мәселелер талқыланады деп мүфтияттың сайты бар, газет-журналдары бар солардың бәрінде ашық айтылып, осындай күні құрылтай өтеді, қатысамын деушілер анкетасын жіберсін, қарайық, мың немес бес жүз адамды ғана қатыстыра аламыз деген секілді мәселелер қозғалып барып, құрылтай Қазақстандағы діни ахуалды талқылауы керек деп ойлаймын. Ол мәселелер бірнеше күн талқыланып, мүфти парламентте сөйлеп, үкіметке бірқанша ұсыныстар айтылатын үлкен, ауқымды жиын жасалуы тиіс-тұғын. Ал, бес жылдан кейін мүфтиді алдық, міне, қайтадан сайладық деу үшін құрылтай шақырылса, оның мәнісі белгілі болғаны ғой.

- Съезде бас мүфтидің сайлауы болатыны анық. Соған лайық деп кімді айта аласыз?

- Құрылтай шын мәніндегі құрылтай болатын болса, Қазақстанда дінге еңбек сіңіріп жүрген мынадай адамдар бар деп біз айта алар едік. Әрине, олар ұсынылуы да, ұсынылмауы да мүмкін. Ал, енді мына жабық жағдайда жүзге толмайтын адам 11 милиион мұсылманның тағыдырын шешпекші... Өткен 2005-нші жылы бір-екі имамның аты аталды. Сосын қазіргі мүфтидің кандидатурасы ұсынылды. Содан анау екеуі өзінің кандидатурасын алды да қазіргі мүфти қайтадан сайланды. Осы сценарий қайталанатын шығар. О жағынан біз хабарсызбыз, содан соң да бәлен деп айта алмаймыз. Қазіргі мүфтидің орнымда қалсам деп армандап жүргені рас.   Бүкіл басылымдарды қараңыз, соңғы жылдары қандай пайызды көлемде сын-пікірлер, қостаулар жазылған, айтылған және оған діни басқарманың қандай жауап қатқанын байқай отырып, нақты картинаны көру болады.

- Рахмет!

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570