Рушылдықты ұлтшылдыққа ұластыру керек
Төрелерді қорғаңдар!..
Бұл неғылған ортағасырлық əңгіме?!
Дəл қазір Қазақстанның кез-келген азаматы қорғалуы тиіс.
Жəне осы заманда біреуді тек төре болғаны үшін төрге шығару ақымақтық. Төрге кім лайық - сол шықсын, кімнің айтары бар - сол айтсын, кімнің қандай қабілеті бар - сол бағалансын!
Қазақ Елі Мəңгілік Ел болуы үшін рушылдықты ұлтшылдыққа ұластырып, өзге этностарды ұйыстырып, бір ел, бір ұлтқа айналуымыз керек.
Өзіміз рулық, жүздік деңгейден аса алмай, ырың-жырың боп жүрсек өзгелер бізге ұйымақ түгіл, теріс айналатын болады.
Жомарт Айтқазы
Facebook-тегі парақшасынан