Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1981 0 пікір 15 Желтоқсан, 2010 сағат 08:28

Парламент заңға қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жетілдіруге бағытталған түзетулерді қабылдады

Астана. 15 желтоқсан. ҚазТАГ – Елена Преображенская. ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары сәрсенбі күні пленарлық отырысында «ҚР кейбір заң актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға сенаторлар енгізген түзетулермен келісті. Осылайша, заң қабылданды деп есептеледі және қол қою үшін мемлекет басшысына жолданады.

Еске сала кетейік, сенатта бұл заңды қарау барысында жоғарғы палатаның депутаттары екінші оқылымда мәжіліс мақұлдаған заң жобасының мәтініне бірқатар түзетулер енгізген болатын. Сенат депутаттары ҚР Қылмыстық кодексінің 32 бабына құқық қорғау органдары қызметкерлерінің және әскери қызметкерлердің қажет қорғаныс құқығын нақтылайтын түзетулерді алып тастады, өйткені қажет қорғаныс құқығына барлық жеке тұлғалар ие.

Заң жобасын әзірлеуші еліміздің ішкі істер министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, Заң жобасымен қоғамдық тәртіпке зиян тигізетін құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қатайтылады. Кәмелетке толмағандарға түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде заңды өкілдерінсіз жүруге тыйым енгізіледі, сондай-ақ, бұл тыйымды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Сонымен қатар, түзетулерді әзірлеген ІІМ спорттық-бұқаралық және мәдени-бұқаралық шараларды ұйымдастырушыларға азаматтар мен қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талап қояды.

Бір адамда болуы мүмкін атыс қаруының ең көп саны 5-тен 2-ге дейін азайтылады.

Сонымен бірге, жеке меншік күзет ұйымдарына кесілген атыс қаруын пайдалануға тыйым салынады.

Электр қаруларын ішкі істер органдарында міндетті түрдеу тіркеу қарастырылған. Атыс қаруларының иелері үшін тұрғылықты орнын ауыстыру кезінде 10 күннің ішінде қаруды есептен шығарып, жаңа мекен-жайы бойынша тіркеуге қою міндеттеледі.

Заң жобасымен жеке күзет қызметіне бақылау да күшейтіледі. Сирек құрылымдарға күзет қызметтерін көрсетуге тыйым салынады.

Сондай-ақ, түзетулерде жеке меншік күзет фирмаларының жұмыскерлеріне бірнеше талап қойылған. Күзет кәсіпорындарына бұрып сотты болған, оңалтпайтын себептермен қылмыстық жауапкершіліктен босатылған, бір жылдың ішінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған, теріс себептерге байланысты құқық қорғау органдарынан шығарылған адамдар қабылданбауға тиіс.

Депутаттардың ұсынысымен заң жобасына медициналық сауықтырғыштарды, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарын денсаулық сақтау және білім беру органдарына беруді, көші-қон саясаты мен халықты құжаттау функцияларын ІІМ құзырына беруді қарастыратын нормалар енгізілді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560