Парламент қолданыстағы сот жүйесі мен судьядардың мәртебесі туралы заңнамаға түзетулерді қабылдады
Астана. 15 желтоқсан. ҚазТАГ – Мәжіліс сәрсенбі күні алқа отырысында «Қазақстан Республикасының "Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына сенат енгізген түзетулермен келісті. Сөйтіп, заң қабылданды деп есептеліп, мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі.
«Енгізілген түзетулер заң жобасының тұжырымдылық ережесін өзгертпейді. Атап айтқанда Жоғарғы сот төрағасының өкілеттігіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен судьялардың этикалық нормасын сақтау жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылды», -делінген парламент мәжілісінің қорытындысында.
Құжатта сот қызметін ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету нормалары қамтылып отыр. Сондай-ақ заң жобасымен Жоғарғы соттың төрағасына, аудандық және облыстық соттарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстарды ҚР Президентіне ұсыну жөніндегі өкілеттік беріледі. Құжат бойынша судьяның орнынан түсу нысанында қызметінен босату үшін қосымша талаптар көзделеді және судьяның орнынан түсуін тоқтата тұру институты енгізіледі.