Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Алаң 7791 26 пікір 30 Қараша, 2017 сағат 09:41

Жастардың 40 пайыздан астамы Қазақстаннан кеткісі келеді

"Қазақстан жастарының 40,4 пайызы басқа елдерге кеткісі келеді" деп мәлімдеді сәрсенбіде Астанада "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының өкілдері. Орталық "Қазақстан жастары - 2017" баяндамасын дайындау үшін зерттеу жүргізген.

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне қарасты орталық қызметкерлері сауалнамаға жауап бергендердің 59 пайыздан астамы "Қазақстаннан көшкім келмейді" немесе "Қазақстаннан кеткім келмейді" деп жауап берген.

"Жастар" орталығының ақпараты бойынша, Қазақстанның түрлі аймақтарындағы 14-29 жас аралығындағы екі мыңнан астам адамды қамтыған зерттеу білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша жүргізілген. Орталық зерттеу жүргізуге жұмсалған қаржы көлемін айтпады, бірақ "Жастар" ғылыми зерттеу орталығының қызметіне жыл сайын 200 миллион теңге бөлінетінін хабарлады.

Орталықтың бас сарапшысы Фарида Мұстаева "Қазақстан жастары - 2017" баяндамасын таныстыруда жастар саны кәдімгідей азайып бара жатқанын айтты. Оның сөзінше, 2014 жылы Қазақстандағы жастар саны 4 293 353 адамды құраса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 3 994 464-ке кеміген.

Баяндамада 2017 жылы жастар арасында 339 өз-өзіне қол салу оқиғасы тіркелгені, жол-көлік оқиғаларында 250 жастың қаза тапқаны және қан айналымы жүйелері ауруларынан 141 жастың қайтыс болғаны айтылды.

Ғылыми-зерттеу орталығы қызметкерлерінің сөзінше, жастар туралы баяндама тұжырым және ұсыныстарымен бірге министрлікке жолданады.

Abai.kz

26 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1969