Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2371 0 пікір 16 Желтоқсан, 2010 сағат 08:02

Амангелді кенішінің мұнайын өңдейтін қуаты жылына 100 мың тонналық зауыт пайдалануға тапсырылды

Тараз. 16 желтоқсан. ҚазТАГ – Тараз маңындағы Жамбыл ауданы Аса аулында Амангелді кенішінің мұнайын өңдейтін қуаты жылына 100 мың тонна мұнай өңдеуге есептелген зауыт іске қосылды. Зауытты іске қосу рәсімі сәрсенбі күні болды, деп Жамбыл облыстық әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Зауыт мазут, қысқы дизель отынын және А-80 маркалы бензин шығарып, оны Жамбыл облысына да, Қазақстанның басқа аймақтарына да және ТМД-ға шығаратын болады. Мұнда жылына 100 мың тонналық шикізат өндіріледі. 100 жаңа жұмыс орны ашылады», - деді зауыттың ашылу рәсімінде Қанат Бозумбаев.

Т3 млрд тұратын жоба «Амангелді ГӨЗ» ЖШС-тің жеке қаражатының есебінен салынды.

«Амангелді ГӨЗ» ЖШС-тің Тараз филиалының директоры Оралбай Исақаевтың айтуынша, өндірістің технологиялық тізбегі – мұнай қабылдаудан, оны тұздар мен парафиннен алдын ала тазарту, толық тазарту, т.б. сатылардан тұрады.

2011-ші жылдың екінші жартысына құрылыстың келесі кезеңі жоспарлануда. Ол кезде еуропалық стандарттарға сай келетін октандығы жоғары бензин шығару қолға алынады. Қазір сол жобалар мен дайындық жұмыстары жүрлгізілуде.

Баға саясатына келетін болсақ, серіктестік басшылығы мұнда өндірілетін бензиннің көтерме бағасы нарықтағыдан төмен болады деп сендіруде.

Зауыт «Амангелді-газ» кенішінің газ конденсатымен немесе Қызылорда облысының «Қарашаған» кенішінің мұнайымен жұмыс істейтін болады.

Тәулігіне 550 т шикізат өңдеп, отын мен мазут алу, оның ішінде 100 т бензин, 60 т керосин, 120 т дизел отыны мен 270 тонна мазут өндіру жоспарлануда. Аталған жоба 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі индустриалық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске асырылуда. Облыста барлығы 22 инвестициялық жоба іске асырылуда. Оған Т664,5 млрд қаражат қажет және 10827 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550