«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының демеушілік көмегімен Қазақстанның Үлкен Атласы жарық көреді
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының демеушілік көмегімен Қазақстанның Үлкен Атласы жарық көреді. Бұл - Қазақстан Республикасының географиясы, тарихы, мәдениеті, этнографиясы, әлеуметтік және экономикалық жағдайы жағынан толық мәлімет беретін бірегей энциклопедиялық басылым.
Қазақстанның Үлкен Атласы - еліміздің тарихынан бастап, экономикасы мен өнеркәсібіне дейін жан-жақты суреттейді. Кітаптың полиграфиялық деңгейі өте жоғары, онда 3000-нан астам иллюстрация пайдаланылған.
Атласты дайындауға Қазақстан мен Ресейдің көптеген ғалымдары мен мамандары қатысты. Мұның өзі жобаның кроссмәдени және цивилизацияаралық сипатын көрсетеді.

Олардың арасында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Марғұлан атындағы археология институтының, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті тарих факультетінің, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің, сонымен қатар ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің, ҚР Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің, РҒА археология және этнология Институтының Сібір бөлімшесі, РҒА тарих Институтының Қиыр Шығыс бөлімшесі, Москва, Санкт-Петербург, Новосибирск, Кемерово, Челябинск және Сургут мемлекеттік университеттерінің, Мемлекеттік Тарих музейінің, Ресей Мемлекеттік кітапханасының, Ресей Мемлекеттік көне актілері архивінің ғалымдары қатысты.
Қазақстанның Үлкен Атласы көпшілік оқырманға арналған.