Азат Үсен. Жақынды басынбас болар
«Бейшарасың да шалқарсың,
күштiсiң де әлсiзсiң».
А.Н.НЕКРАСОВ,
Ежелгi Руське арнауынан.
Ресей басшылығы өз елiнiң қазiргi әлеуетiне қарамастан, империялық пиғылынан айрылған емес. Ол пиғыл соңғы екi президенттiң кезiнде әсiре өршiп тұр. Ресей президентi Дмитрий Медведев биылғы өз халқына Жолдауында «Бiз елiмiздiң мүддесi үшiн өзiмiздi қоршаған мемлекеттерде болып жатқан саяси оқиғаларға араласуға тиiспiз», - деген мәлiмдеме жасады.
Күні кеше ғана КВН-тапқырлар ойынының 49 жылдығына орай Мәскеуде өткен ТМД мемлекеттері командаларының мерекелік бас қосуында қорытынды сөз сөйлеген Ресей бірінші каналының басшысы Константин Эрнст: «Достастық деген түсінікті (ТМД ны айтып отыр), ал Тәуелсіздікті мен түсінбеймін. Біз кімнен тәуелсізбіз? Біз бір бірімізге тәуелдіміз» деп орыс халқын барлық халықтардың басын қосушы ретінде үлгі тұтты. Мерекеге орай өткізілген қорытынды ойынның өзге командалардан әлсіз болса да ТМД-ға кірмейтін Латвия командасына бас бәйгені атап тұрып берді. Мұндағы барлық мақсат достастық елдеріне өзге республикаларды тарту. Бұл Ресейдің ежелгі арманы
«Бейшарасың да шалқарсың,
күштiсiң де әлсiзсiң».
А.Н.НЕКРАСОВ,
Ежелгi Руське арнауынан.
Ресей басшылығы өз елiнiң қазiргi әлеуетiне қарамастан, империялық пиғылынан айрылған емес. Ол пиғыл соңғы екi президенттiң кезiнде әсiре өршiп тұр. Ресей президентi Дмитрий Медведев биылғы өз халқына Жолдауында «Бiз елiмiздiң мүддесi үшiн өзiмiздi қоршаған мемлекеттерде болып жатқан саяси оқиғаларға араласуға тиiспiз», - деген мәлiмдеме жасады.
Күні кеше ғана КВН-тапқырлар ойынының 49 жылдығына орай Мәскеуде өткен ТМД мемлекеттері командаларының мерекелік бас қосуында қорытынды сөз сөйлеген Ресей бірінші каналының басшысы Константин Эрнст: «Достастық деген түсінікті (ТМД ны айтып отыр), ал Тәуелсіздікті мен түсінбеймін. Біз кімнен тәуелсізбіз? Біз бір бірімізге тәуелдіміз» деп орыс халқын барлық халықтардың басын қосушы ретінде үлгі тұтты. Мерекеге орай өткізілген қорытынды ойынның өзге командалардан әлсіз болса да ТМД-ға кірмейтін Латвия командасына бас бәйгені атап тұрып берді. Мұндағы барлық мақсат достастық елдеріне өзге республикаларды тарту. Бұл Ресейдің ежелгі арманы
Ресей соңғы кездерi өзiнiң сыртқы саясатындағы мүдделерiн әскери күштi араластыра отырып қорғауға күш салып отыр. Саяси сарапшылар Ресейдiң бұл саясатын Кавказдағы күрделi жағдайға байланысты деп санайды. Сондықтан солтүстiк көршiмiз сыртқы саясаттағы өз мүддесiн қорғау үшiн әскердi сыртқа шығару туралы заң қабылдап отыр деген ұйғарым шығарып отыр. Әйтсе де Ресей елi қандай жағдайда көршi мемлекеттердiң iсiне араласатыны туралы құпиясын ашып айтпады.
Ресей соңғы жылдары таяу көршiлерiн өзге мемлекеттердiң агрессиясынан қорғағаннан гөрi, өзi басты қауiп-қатер ошағына айналуда. Балтық жағалауы республикалары, Грузия, Украина, Молдова, Польша, Болгария елдерi Ресейден аулақ болғанды ұнатады. Бұрынғы социалистiк лагерьдегi мемлекеттердiң бәрi де Ресей саясатынан дербес болуды қалайды.
Ежелгi Ресейдiң басқаруында болып, революциядан кейiн бөлiнiп кеткен, одан соң большевиктер тарапынан қайта жинастырылып алынған ұлттардың да орыстармен арақатынасы тiптi нашарлай түскен. Ақын Некрасов айтқандай, осындай бақытсыз, бейбақ елмен Қазақстанның бауырын жазбай жүргенi ежелгi достықты қимастығынан емес пе?.. Арғы тарихқа көз жiберсек, кезiнде орыс әскерлерi мен жұмысшы шаруалары тарапынан Түркiстан халқына iстелген жауыздықтарды әшкерелейтiн дәлелдер мен дәйектер жетiп артылады.
Ақиқатқа қарсы жүргiзiлетiн астыртын әрекет Ресейдiң қоғамдық өмiрiнiң өзегiне айналған. Олар қазiргi әлеуетiне қарамастан, империялық пиғылынан айрылған емес. Халықаралық қауымдастық Ресей басшылығының қазiргi амбициясына қарап, оны осыдан жиырма жыл бұрынғы қуатты держава деп қабылдамайды.
Саяси басшылық пен өңiрлердегi бүгiнгi нақты көрiнiстiң арасы екi бөлек. Сондықтан мұның өзi халықтың ақыл-ойын басқа арнаға бұрып әкету пиғылынан да шығып отыруы мүмкiн.
Орыс адамының ақыл-ой парасатына ұлы орыстық ар-намысты ұялату үшiн қазiр Ресей президентi жанындағы академияда орыстану факультетi ашылып отыр. Элиталық басшылық құрамды дайындайтын бұл оқу орнында Ресейдi қоршаған елдердiң тарихы, саяси бағыты мен табиғи байлығы туралы жан-жақты оқытылатын көрiнедi.
Ресейдегi қазiргi экономикалық, саяси, әлеуметтiк жағдайдың аса ауыр жағдайда екенiн мынадан бiлуге болады. Өткенде «Казачий курьер» газетiнiң №7 санында славян ұйымдары үйлестiру кеңесiнiң төрағасы Ю.Захаровтың сұхбаты жарияланып, онда Ресейдегi бүгiнгi жағдай жан-жақты сөз болады. Захаровтың байыптамасы бойынша, бүгiнгi таңда 700 мың бала жетiмдiктiң қамытын киiп, жылына 1,5 миллион адам түрлi ауыртпалықтың әсерiнен қаза табады екен. Ал Ресейдiң iшкi түрмелерiнде 1 миллион адам қамауда отырған көрiнедi. Ресейдегi қазiргi жағдайдың ауыртпалығы соншалық, дағдарыс кезеңi аяқталғанға дейiн әлем картасында Ресей мемлекетiнiң болу-болмауы екiталай деп ой түйедi. Ресей бюрократиясын «екiжүздi, алаяқ» деп айыптай отырып, осындай елмен Қазақстанның одақтас болуын көксейдi. Ресейдi су аяғы құрдымға кетуден Қазақстан ғана құтқара алады деп өзеурейдi. Өз халқын осыншалық тұралатқан мемлекетпен қандай одақ құруға болады?
Қазақстанда өмiр сүрiп, Ресейдiң мүддесiн мансұқ ете тұра, бiзге таяуда өзi болып қайтқан Белорусь мемлекетiн үлгi етiп ұсынады. Сөйте тұра өзiнiң тарихи отаны Ресеймен емес, Қазақстанның ол елмен де жедел арада одақ құру қажеттiгiне жол сiлтейдi. Осы жылдар iшiнде қол жеткен табыстарымызды Ресей мен Белорусь елiне сыралғы тарту ретiнде ұсынуымызды қалайды. Сөйтiп, Белорусь арқылы бұл сыйлы табақтан Ресейдiң де мұрты майланғанын қалайды.
Дәл қазiр Белорусьтiң де Ресеймен табақтас болуға тәбетi жоқ. Жақында Ресей - Белорусь басшылары бас қосқан алқалы жиында көкезу Жириновский «бiздiң халықта бауырластық жоқ» деп салды. Президенттерi болса, соны тыңдап отыр. «Қойыңыз, белорустар бiзге бауырдан да артық» дей салса болар едi ғой, жоқ, ондайды айтпайды. Мен қарап отырдым да, iшiмнен «Медведевтi көрмегелi екi-үш күн өтiп едi, осыншама өзгерiп кеткен бе» деп қоямын» дедi Белорусь президентi Александр Лукашенко.
Ресей мен Украина арасындағы қарым-қатынас барған сайын күрделенiп барады. Қазiргi екi ел арасындағы тартысқа Үкiмет адамдарын берi қойғанда, қарапайым саясаткерлер де араласа бастады.
Таяуда украиналық саясаткер Ярослав Кендзьор «Кремль тарапынан украиндер мен гүржiлерге қарсы шовинистiк көзқарас жалғаса бередi. Бұл, бiле бiлсеңiз, ген арқылы берiледi. Керек десеңiз, орыстың қаңғыбастарының (бомж) өзi украиндар мен гүржiлердi өте төмен санайды және одан бiрдеңе дәметiп тұрады» деп салды.
Ресей мен Белорусь Республикасының Одақ құруының өзi түсiнiксiз бiрдеңе болуына қарамай, осы одақтың хатшысы Павел Бородиннiң абайсызда айтқан сөзi көптеген елдердiң шымбайына батқаны рас. «Осы бiз Оңтүстiк Осетия мен Абхазияны жақын тарту туралы айтып жүрмiз. Алайда экономикалық тұрғыдан келгенде бiз Грузияның өзiн одақтас елдердiң қатарына қабылдауға дайынбыз. Ол тұрмақ, бүкiл Еуропаны қабылдап жiберемiз. Қайда қашады дейсiң...» деуi сасқан үйрек артымен жүзедiнiң керiн келтiрдi. Ендi қайтсiн, бiрдеңе айту керек болды. Бiрдеңе айту демекшi, жақында Ресей премьер-министрi В.Путин Польшадағы екiжақты кездесу барысында он бес поляк жауынгерiн кеңес әскерлерiнiң атып жiбергенi туралы сөз болғанда «Кеңес өкiметi Польшаға азаттық әкелдi» дедi. Оған жауап ретiнде Польша премьерi «Орыстар өзiнде жоқ азаттықты бiзге қалай әкелдi?» - деп мысқылдап жауап бердi. Мiне, саяси диалогтың әуселесi.
Посткеңестiк елдердiң егемендiк, тәуелсiздiк алғандарына алды 20 жыл, кемi 18 жыл толды. Турасын айтсаң, тарих осыған дейiн мұндай өресiздiктi, сорақылықты бастан кешiп көрмептi. Дәл қазiр Ресей орыс аты аталған кез-келген шараға өре түрегелетiндi шығарды.
Биыл Тәжiкстан тәжiк тiлiнiң мемлекеттiк мәртебе алғанының 20 жылдығын бүкiл халық болып атап өттi. Осыған орай өткiзiлген алқалы жиында Тәжiкстан президентi Эмомали Рахмон орыс тiлiнiң ұлтаралық қарым-қатынас тiлi мәртебесiнен айрылатыны жөнiнде сөз сөйледi. Тәуелсiз елдiң iшкi саясатына жататын бұл мәселеге Ресей басшылығы қарсы шығып, саяси мәлiмдеме жасады. Тiптi, Тәжiкстан басшылығы осындай қадамдарға баратын болса, өздерiнiң экономикалық санкциялар қолданатынын жариялады. Осыдан соң, өзi де әупiрiмдеп, қалтырап күн көрiп отырған Тәжiкстан бастапқы райынан қайтып қалды.
Тәуелсiздiк, мемлекеттiк тiл, мәдениет туралы Ресей сыртқы iстер министрiнiң орынбасары Александр Яковенко: «Орыс тiлiне ресми мәртебе беру - жақын шет елдегi бiздiң отандастарымыз бен тұрғындар үшiн маңызды iс», - деп салды. Осы мәселе бойынша министрлiк бұрынғы Одақтас Республикалардың басшыларына ұсыныс-хат жасауды қолға алып отырған көрiнедi. Әр сөзi бақылауға алынатын мемлекеттегi лауазымды тұлғаның аузынан шыққан мұндай ұсыныс тектен тек айтылмаса керек. Осыған сай Ресей қоғамында «бұрынғы КСРО кеңiстiгiнде орыс тiлiне екiншi мемлекеттiк тiл мәртебесi берiлсiн» деген ұрандату саясаты белең алуда.
Есесiне, Украинаның Әдiлет министрлiгi орыс тiлдi тұрғындардың құқын қорғаймыз деген желеумен орыс тiлiн мемлекеттiк тiл деңгейiне көтерудi көксеп жүрген оппозициялық «Родина» партиясының жұмыс iстеуiне тыйым салды. Билiктiң бұл шешiмi ұлттық мүдде тұрғысынан қабылданды.
Кезiнде «ұлы орыс халқы» деген түсiнiк әбден санаға сiңiрiлу жолында идеологиялық жұмыс жүргiзiлдi. КСРО-ның iшiнде жергiлiктi ұлттарға орыстарды сыйлап, оларды әдiл, өте мейiрiмдi ұлт ретiнде көрсету насихатталды. Бiрақ, анау айтқандай, олардың бойынан «ұлылық» байқала бермедi. Әрбiр адам өзiнiң тәрбиелiлiгi мен iшкi мәдениетi тұрғысынан өзге ұлттарды да сыйлауы тиiстiгi жөнiнде алғашқы пiкiр бiлдiрген Ресейдiң Уақытша өкiметiнiң төрағасы Керенский едi.
Керенский - Ресейдiң қол астындағы орыс емес ұлттар мәселесiнде, эмиграцияда жүрген атақты орыс саяси қайраткерлерi арасында өзiндiк орны бар адам. Оның 1916 жылы Ресей Мемлекеттiк думасында мұсылман фракциясын жақтап, патша өкiметi саясатына қарап Түркiстанда дүрбелең тудыруға итермелеген сөздерi Керенскийдiң атын Түркiстанда ғана емес, Ресейдiң күллi түрiктерi қоныстанған аймақтарына да белгiлi еткен. 1916 жылы 22-тамыз күнi Керенский Әндiжандағы жәмиғат мешiтiнiң ауласында түркiстандықтар мен орыстардың «достық адамгершiлiк қатынастарына» арнап дұға бағыштатқан. Ол өз сөзiне түркiстандықтар орыстармен тең болып, бiрдей құқықтарды пайдалану керек екендiгiн айтқан едi. Ташкенттегi бiр қонақасында сөйлеген сөзiнде де Түркiстандағы жергiлiктi тұрғындардың құқықтарын қорғау жолындағы өздерiнiң демократиялық мiндеттерiн өтей алмай келе жатқаны үшiн орыс демократтарын жазғырған да болатын.
1916 жылғы қазақтардан әскерге адам шақыру саясатына орай, Торғай уәлаятынан келген өкiлдердiң адам орнына он мың ат бергiсi келетiндiктерiн бiлдiргенде Керенский оларға қаратып «Мен Сiздерге мынадай кеңес бергiм келедi. Орыс өкiметiне сенуге болмайды. Ол Сiздердiң аттарыңызды да алады, одан соң жiгiттерiңiздi де жұмысқа жегедi» деген. Сонда Керенскийдiң бұл сөзi қазақ даласында ескi орыс үстемдiгiн жақтаушылардың рухын түсiрiп, халық бұқарасы арасында дүниежүзiлiк соғыста Ресейдiң жеңiлiске душар болуын тiлейтiндердiң қатарын көбейтуге септiгi тиiптi.
Бұрынғы Ресейдiң басқаруында болып, төңкерiстен кейiн бөлiнiп кеткен, одан соң большевиктер тарапынан қайта жинастырылып алынған ұлттардың орыстармен арақатынасы тiптi нашар болған. Украина, Кавказ, Түркiстан, Едiл бойы халықтары және Қырым әртүрлi кезеңдердiң бастан кешiрiп, ақыры большевиктiк Ресейдiң бұғауына ерiксiз мойынсұнған. Осылардың арасында екеуi бiраз уақыт тәуелсiз өмiр кештi. Түркiстан басқалармен бiрге автономия дәуiрiн бастан кешiре бастағанда, орыс большевиктерi тарапынан байлап маталған. Алайда Түркiстанды орыстар екiншi рет жаулап алғанда, жаугершiлiк аса қатыгездiкпен жүргiзiлген. Орыс әскерлерi мен жұмысшы-шаруалары тарапынан Түркiстан халқына жасалған жауыздықтарды әшкерелейтiн дәлелдер мен дәйектер жетiп артылады. Орыс большевиктерiнiң Түркiстанды аштық құрсауына алу саясаты салдарынан 1 миллион 114 мың түркiстандық қырылған. 1917 жылы үшiншi Кеңестер конференциясында түркiстандықтарды басқару iстерiне жолатпау туралы қаулы шығарылды. Орыс әскерлерi кiнәсiз Түркiстанның бейбiт жатқан қыстақтарын қылышпен кескiлеген. Орыс мұжықтары малшы қазақтардың малдарын тартып алуға «заңдық» негiз жасау мақсатымен, олардың көштерi өтетiн жерлерi мен жолдарының үстiне омарталар қойып тастаған. Мұның өзi Түркiстанда ұлтты құтқару қозғалысының бой көтеруiне алып келген.
Егер тарихқа көз жiберсек, ағылшындардың Үндiстанға ұзақ уақыт билiк жасаған кезiнде дәл осындай озбырлық жасамағанын байқаймыз. Ағылшын өкiметi Үндiстанға билiк жүргiзгенде оның егiстiк алқаптарын суландырғанын, көптеген бiлiм ошақтарын ашып, жергiлiктi халықтың тiлi мен әдебиетiнiң дамуына ықпал жасағанын көремiз. Ал Ресей Түркiстанда су жүйелерiн жасау былай тұрсын, жергiлiктi тұрғындардың иелiгiндегi шұрайлы жерлерiн тартып алып, зәбiр көрсеткен. Бiздiң өз тiлiмiзде «жабайы» мектептер ашуымызға да құлықты болмаған. Олар бiздiң «көне славян» әлiппесiн оқып-үйренуiмiзге ғана ыңғай бiлдiрген. Ағылшындар Үндiстанда жергiлiктi баспа мен баспахана iстерiнiң жолға қойылуына және дамуына жағдай жасаса, Ресей қазақтарға мұндай iстерге мүмкiндiк бермеген. Керенский өз мақаласында «Орыс демократиясының ешбiр әдебиетi мен басылымдарында Украинаға, Грузияға, тiптi, Түркiстанға да «Азия жауыздығы» мен жабайылығы (варварлық) туралы жазылмағанын қанағаттанған сезiммен айта аламын», - дейдi. Ол сонымен қатар орыс демократ газеттерiнiң түркiстандық жастардың Алманияға оқуға барған кезiнде үстерiне киген киiмдерiн суреттеп: «Түркiстан түйелерi мен Бұқара есектерi» деп келемеждеп жазғандарын да жасырып қалмаған. (Мұстафа Шоқайұлы «Яш Түркiстан» журналы, №9 - 11, 1930 жыл).
Ресейдiң өзiне тән менмендiк, тәкаппарлық мiнездерi күнi бүгiнге дейiн жалғасып отыр. Кезiнде «Известия» газетiнiң Қазақстандағы меншiктi тiлшiсi болған жазушы Эдуард Мацкевич бұл туралы былай дейдi. «Известияның» негiзгi саны Мәскеуде жарық көрсе, Одақ құрамындағы өзге елдерге бөлек нөмiрi дайындалатын. Олар Ресейдiң өзiнен басқа кеңестiк елдердi кейiн қалған периферия деп санап, аса жақтыра бермейтiн. Алайда, мен бұл көзқарасқа түбегейлi қарсы жанмын. Периферия - артта қалған деген артық түсiнiк. Бiздiң (Қазақстанның - авт.) мәдениетiмiз бен әдебиетiмiз ешқашан кейiн қалған жоқ. Тiптi, кейбiр тұстарда артығырақ түстi. Өзiм тұрғылас бiрталай журналистер жергiлiктi тiлшiлiктен Мәскеудiң өзiне ауысуды көздеп, ауысып жататын. Менде де мүмкiндiктер болды, алайда, Орталыққа ұмтылған жоқпын. Менiңше, адам өзi туған жерiнде еңбектенуi керек. Тауларға көзiм түскен сайын, шет жерде қалай өмiр сүрем деушi едiм». («Қазақ әдебиетi» №39, 11 - 17-қыркүйек).
Мiне, Ресей пиғылы мен «ұлыорыстық» мiнезге деген шынайы ашық пiкiр. Осыдан соң, Одақ туралы аңсарды бiле бер.
«qogam.kz» сайты