Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2107 0 пікір 17 Желтоқсан, 2010 сағат 10:54

Нұра Матай. Мүфтеке, жабық құрылтай исламға жат нәрсе!

Бүгін Астанада Қазақ мұсылмандарының бесінші құрылтай өтіп жатыр. Астанадан алып, ұшып жеткен хабарларға қарағанда,  құрылтайға  БАҚ-ының өкілдері кіргізілмеген. Азаттық радиосының жазуынша, мемлекеттік БАҚ өкілдері ғана бес-он минутқа кіріп шыққан. Қалған журналистерді күзетшілер қайқайтып, қойдай иіріп айдап шыққан.

Сонымен, соңғы жеткен хабарлар бойынша, қазіргі бас мүфти қайта сайланған. Тіпті, бас мүфтиге балама кандидат табылмаған көрінеді. Құрылтайға сексеннен астам делегат қатысыпты. Жақын шетелдерден де қонақтар келіпті.

Ал, құрылтайда не туралы әңгіме болғаны жайлы ақпарат жоқ. Журналистер  «Нұр-Астана» мешітінің маңында құрылтайдан жұма намазға келетін үлкен молдаларды күтіп жүргенге ұқсайды. Енді, ел бәрінен хабардар болуға тиісті ғой.

Алайда, әлемдегі ең демократиялы, қандай да бір құқықтың бұзылуына қарсы Ислам діні екенін ескерсек, біздің бас мүфти және оның мүриттері жабық жағдайда жан біткеннен жасырынып өткізген құрылтайында не сөз болғанын Құдайдан жасырып қаламын деп ойлады  ма  екен сонда?! Және енді қай нұрлы беттерімен Алланың үйі мешітке бармақ?! Елдегі діни ахуал мемлекеттің тұтастығына қауіп төндіріп жатқанда бұ неғылған жасырын жиын?! Тіпті, қызмет құмарлықтың өзі шариғатқа шет нәрсе екенін бас мүфти біле ме екен?! Жиналғандар да?!

Бұның артында билік, нақтырақ айтсақ, Діни істер жөніндегі комитет тұр деп естіп жатырмыз. Осы билік діни ахуалдың ушығып тұрғанын айқын біледі. Бұл жағдай сақтала берсе ел де, мемлекет те бүлінетінін түсінеді. Сонда мәселені қалай шешпек? Бұған дейін елдегі діни жағдайға ешбір ықпал жасай алмаған діни басқарманың ескі құрамымен қалай жасамақ?! Әлде олар бірің өліп, бірің қал деп отыр ма?! Қарамағындағы халқын дүмшеліктің дойырлығынан қалай құтқармақ?! Бұл да шариғатқа жат нәрсе мырзалар!

Сөйтіп, қазақ билігі де, оның діни басқармасы да, бас мүфти де Исламның қағидаларына қарсы келетін жағдайда құрылтай өткізіп күнәға батып қана қоймай, өздерінің қызметқұмарлық нәпсілеріне бос екенін барша жұртқа паш етті.

Біздің айтар осы. Қалғанын қақтап жесеңіз де өзіңіз біліңіз!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534