Мемлекеттік департамент Астананы АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкістанға қатысты жаңартылған стратегиясы туралы Обаманың алдағы мәлімдемесі жайлы хабардар етті
Астана. 17 желтоқсан. ҚазТАГ – АҚШ мемлекеттік департаменті Астананы Вашингтонның Ауғанстан мен Пәкістанға қатысты жаңартылған стратегиясы жөнінде президент Барак Обаманың алдағы жасайтын мәлімдемесі жайлы хабардар етті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
БАҚ үшін арналған хабарда атап көрсетілгендей, 16-шы желтоқсанда американдық тарап бастамасымен ҚР мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі орынбасары Роберт Блейкпен телефон арқылы сөйлесті.
«Американдық дипломат АҚШ басшылығының тапсырмасымен Қазақстанды стратегиялық серіктестерінің бірі ретінде АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкістан жөніндегі президент Б. Обаманың алдағы мәлімдемесі жайлы хабардар етті», - делінген таратылған хабарда.

Баспасөз қызметі Ауғанстандағы жағдай Астанада желтоқсанның 1-2-лерінде өткен ЕҚЫҰ саммитінде негізгі тақырыптардың бірі болғанын еске салады. «Р. Блейк ЕҚЫҰ саммитінің тамаша ұйымдастырылуы мен табысты өткеніне ризашылығын білдіріп, Қазақстанға және оның көшбасшысына Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға қосқан үлесі үшін алғысын айтты. Атап айтқанда, Қазақстанның ауған студенттерін дайындауда қосқан үлесі, сондай-ақ елдің Ауғанстандағы қауіпсіздікке септігін тигізерлік халықаралық күштерге көрсеткен қолдауы ерекше атап өтілді», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Өз кезегінде, Қ. Саудабаев стратегияның әскери және азаматтық құрамдасын қатарласа алып жүру маңыздылығын атай отырып, Ауғанстанды әлеуметтік-экономикалық қалпына келтіруде біртіндеп және жүйелі түрде күш жігерді арттыра беру қажеттілігін атап көрсетті. Ол сондай-ақ американдық тарапқа Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығына көрсеткен қолдауы, әсіресе Астана саммитін өткізудегі қолдауы үшін үлкен алғысын білдірді.
Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, сұхбаттасушылар екіжақты қарым-қатынастың серпінді дамуына қанағаттанушылық білдіре отырып, ынтымақтастықты бұдан да дамытып және нығайта түсуге ауқымды негіз барлығын атап көрсетті. Биыл ҚР президенті Н. Назарбаевтың сәуір айында Вашингтонға сапары, ал желтоқсанда АҚШ мемхатшысы Х. Клинтонның Астанаға сапары болғаны белгілі. «Қазақстан-американ стратегиялық серіктестіктің дамуына жаңа серпін беретін екі мемлекет басшыларының кездесуін өткізу бойынша уағдаластықты іске асыру қажеттігі атап көрсетілді», - деп хабарлайды баспасөз қызметінен.