Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2056 0 пікір 17 Желтоқсан, 2010 сағат 15:14

Мүфти Равиль Ғайнутдин: «Кремль Ресейдегі исламды езіп-жаншығысы келеді...»

Қазақ мұсылмандарының басшылығы Астанада тығылып жиналып, дінбасыларын сайлап жатқан кезде, Ресей мүфтилері Кеңесінің басшысы Равиль Ғайнутдин хазірет Кремльге қарсы шығып, оны «Ресейдегі ислам дінін езіп-жаншып», «мұсылмандардың бірігуіне қарсы ашықтан-ашық күресіп», «қуыршақ ұйымдарды құрумен айналысып жатыр» деп айыптады.

Ресей мұсылмандары жетекшісінің бұлай бұзылуы заңды. Бірнеше күн бойы Кремльдің төңірегінен бастап ондаған қаласын қамтыған скинхедтердің үлкенді-кішілі «желтоқсандары» негізінен мұсылман қауымына қарсы бағытталғаны көрініп тұр. Жыл сайын орыс фашистері жүздеген мұсылмандарды өлтіріп, мыңдаған адамды тепкіге алып жатады. Соңғы үш күннің өзінде Ресей қалаларында билікке қарсы келген 2 мыңға жуық скинхедтер тұтқындалды. Бұның барлығы бүгінгі Кремльдің саясатының жемісі емес пе?

Барлық мәселені өзінің бойынан іздеудің орнына үрейленген Кремль негізгі жауапкершілікті оппозиция мен Қапқаз мұсылмандарына жауып салмақшы. Онысы аз болғандай Кремль мұсылмандардың «қуыршақ» бірелестіктерін құрып, бір-біріне айдап салуды көздеген төртінші мүфтиатты - Ислам келісімінің Ресей ассоциациясы дегенді құрмақшы. Бұны атқарып жүрген Ресей Президентінің діни бірлестіктермен қарым-қатынас жөніндегі кеңесшісі Гришин деген әлдебіреу екен...

Кремльдің бұл әрекеттеріне Равиль хазірет былай жауап берді: «Жаңадан жасалған «қуыршақ мүфтилер» мұыслмандардың бірігуіне, дамуына қарсы шығады. Бұл «қуыршақтар» мемлекетке жұмыс істеп жүрген Гришин сияқты исламофобтармен бірігіп, Ресейдегі исламды езіп-жаншуға тырысатыны сөзсіз. Бұлар исламның Ресей өміріндегі үлкен күшке айналып келе жатқанын айқын түсініп, ислам дамуын тоқтату мақсатында жұмыс жасап жатыр. Ондай істер дәл қазір атқарылып жатыр».

«2009 жылы Құрбан-айт кезінде Талғат Тәджуддин мүфти Ресейдегі барлық мүфтиаттарды біріктіру туралы ұсыныс айтты. Содан кейін мен онымен де, қапқаз мұсылмандары мүфтиі Бердиевпен де кездестім. Үшеуіміз де бірігу керек деген ойға келіп, арнайы біріктіру жұмыс тобын құрдық. Алайда, бұл тірлігіміз мемлекетке ұнамады. Биліктегілер бізге Талғат Тәджуддиннің тірлігі мемлекет саясатына қайшы деген пікірді айтты» - деді Ғайнутдин мырза «Азаттық» радиосының татар қызметіне берген сұхбатында.

Жақында Мәскеу мен орыс қалаларында орын алған толқулар мен бас көтерулерге қатысты жағдайға байланысты Ғайнутдин былай деп отыр: «Бұл толқулардың негізінде исламға деген көзқарастар бар. Есесіне мейрам күндері, жұма-намаз күндері мұсылмандар мешіттердің жоқтығынан далада, трамвай жолдарына шығып құдайға ғибадат етіп жатады. Тіпті, орыс шіркеулерінің ауласына кіріп намаз оқуға мәзжүр. Мұсылмандарды қорлау, олардың адами және азаматтық құқықтарын таптау жалғасып жатыр. Бұны барлық мұсылман баласы, бар ислам әлемі көріп отыр».

«Мәскеу мен Питердегі толқуларды исламға қарсы күштер ұйымдастырды. Оны тобырдың қолындағы «қапқаздықтар мен мұсылмандарды елден қуу қажет» деген плакаттар мен айқайлаған ұрандары айқын дәлелдейді» - деп отыр мүфти. Бұндай жағдайға билік те кінәлі. Соңғы жиырма жылдағы саясат кінәлі. Себебі, дейді, Ғайнутдин, «Соңғы жиырма жылда Ресей билігі жұмыс істегісі келмейтін, арақ пен есірткіге құмар, порно мен би билеуге құмар ұрпақты, жастарды өсірді. Бұл жастар еңбек етіп, егін егуді мүлдем қаламайды. Осы ұрпақ солардың орнына еңбек етіп жүрген мигранттарды өзінің жау санайды, оларды құл деп есептейді. Барлық қылмыстарды мигранттар жасайды деп ойлайды. Ал шын мәнінде мигранттар барлық қылмыстың тек 4 пайызын ғана істейді ғой».

Күнде қысым көріп жүрген Ресей мұсылмандарының мүфтиі Равиль Ғайнутдин мырзаның ақты - ақ, қараны - қара деуге, жамағатының ойында, көкейінде жүргендерін билікке жеткізуге батылдығы жетеді екен. Ал біздің мүфти ше?

Қалғанын өздеріңіз топшылай беріңіздер...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5533