Теміртаудағы Қысқы бақта фуркроя гүлдеді
Қарағанды. 19 желтоқсан. ҚазТАГ – Теміртаудағы Қысқы бақта фуркроя гүлдеді, деп Қысқы бақ агрономы Наталья Косогорскова мәлім етті.
«Оңтүстік Бразиядан әкелінген бұл экзотикалық гүлдің тағдыры - гүлдеген соң - өлу. Алып фуркроя бір рет қана гүлдейді де, одан соң міндетті түрде өледі. Жасанды жағдайда фуркроя ешуақытта гүлдемейді, сондықтан бұл біз үшін керемет болып отыр», - деп Н. Косогорскова қуанышымен бөлісті.
Фуркроя қалың 8 метрлік сабағы мен алып етті жапырағы бар өсімдік. 8 метрлік биіктікте диаметрі небары 2 см болатын көптеген гүл ашады.
Фуркроя өмірінде бір рет қана гүлдейді, есесіне ол 2-3 ай бойына гүлдеп тұрады.

Ол өзінің отанында екінші өмірін шаруашылықта жалғастырады. Оңтүстік Бразилиядағы Фуркрояның кейбір түрінің жапырақтарынан мықты талшықтар өндіріліп, оны арқан есуде және дөрекі мата тоқуда қолданады.
Теміртаудағы Қысқы бақта алғашқы фуркроя 2005-ші жылы гүлдеген. Ол өсімдік арнайы 1993-ші жылы қыста Теміртауда қысқы бақ ашылу құрметіне әкелінген. Ол 12 жыл өсіп тұрып, гүлдеді де өліп қалған болатын.