Жексенбі, 13 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2785 0 пікір 20 Желтоқсан, 2010 сағат 06:05

Әзірбайжан астанасы Бакуде «Түркітілдес халықтарының халықаралық музыкалық аспаптар симпозиумы» өтті

ЫСТАМБҰЛ. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ -  16-17 желтоқсан аралығында Әзірбайжанда ТҮРКІСОЙ ұйымы мен Әзірбайжанның мәдениет және туризм министрлігі және Мемлекеттік музыка мәдениеті мұражайының бірлесіп ұйымдастыруымен « Түркітілдес халықтарының музыкалық аспаптары» атты симпозиум болып өтті.

Аталған халықаралық  жиынға 11елден  62 ғалым қатысты. Симпозиумда түркітілдес халықтардың музыкалық аспаптар түрлері мен ерекшеліктері, музыкалық аспаптардың технологиясы мен акустикасы, түркі әлем аспаптарының коллекциясы, сазгерлік саласындағы дәстүрлі музыка аспаптары, жоғалып немесе ұмытылып кеткен аспаптардың қайта жандандырылуы сияқты тақырыптар талқыланды.

Сонымен қатар, ТҮРКІСОЙ халықаралық ұйымының тарапынан жарияланған «Махдумоғлұ Ферагидің таңдамалы шығармалары» атты кітабының таныстырылымы болып өтті.

Сондай-ақ, ТҮРКІСОЙ мүше елдері мен Америка және Еуропадан келген ғалымдардың қатысуымен болып өткен симпозиумда жасалған баяндамалар кейін кітап ретінде де жарияланатын болады.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1832
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4643
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3681